Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы.
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Мәтінде сөздер алмастырылды - ҚР 2006.01.10 № 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.09 № 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Ескерту. Тақырыбы мен кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.09 № 126-IV Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)", "облыс (республикалық маңызы бар қала және астана)", "Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)", "Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)", "облысты (республикалық маңызы бар қаланы, астананы)", "облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)", "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)", "облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)", "Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық және астаналық)", "Облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана)", "Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық)", "облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана)", "облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)" деген сөздер тиісінше "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың", "облыс, республикалық маңызы бар қала және астана", "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың", "облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы", "облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық", "Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың", "облыс, республикалық маңызы бар қала, астана", "Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық", "Облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана", "Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық", "облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана", "облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ауылдық (селолық)", "ауыл (село)", "ауылдың (селоның)", "ауылдарда (селоларда)", деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауыл", "ауылдың", "ауылдарда" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
Бүкіл мәтін бойынша "ставкаларын", "проценті", "проценттен" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерін", "пайызы", "пайыздан" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкім - жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі;
2) әкім аппараты – жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда), әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме;
3) әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасы - тиісті аумақта орналасқан, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесі;
3-1) әлеуметтік инфрақұрылым – елді мекеннің қалыпты тыныс-тіршілігін функционалдық қамтамасыз ететін заңды тұлғалардың жиынтығы, оларға: әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйелерінің ұйымдары; демалуға және бос уақытты өткізуге байланысты ұйымдар; бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, қызметтер көрсету саласы, спорттық-сауықтыру мекемелері; халыққа коммуналдық қызметтерді өндіретін және ұсынатын ұйымдар жатады;
3-2) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасы – мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою бойынша құзыреті шегінде жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар кешені;
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;
6) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
6-1) жергілікті қоғамдастық жиналысы – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
6-2) жергілікті қоғамдастық жиыны – тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелерді шешуге тікелей қатысуы;
7) жергілікті маңызы бар мәселелер - реттелуі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;
8) жергілікті мемлекеттік басқару - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі;
9) жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
9-1) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9-2) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі – қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округінің шегінде құрылатын, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі жанындағы қала әкімінің халықпен өзара іс-қимыл жасау мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;
10) жергілікті өзін-өзі басқару органдары — осы Заңға сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;
11) жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
12) мәслихат аппараты - тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
13) мәслихат сессиясы - мәслихат қызметінің негізгі нысаны;
14) мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билік ету функцияларын жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы;
15) орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі - тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс шегінде орталық атқарушы органның функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негіздері
Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.
Ескерту. Заң 2-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен.
3-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi
1) жергiлiктi бюджет;
2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiліп берілген мүлiк;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.
4-бап. Мәслихаттар мен әкiмдіктер үшiн белгiленетiн негiзгi талаптар мен шектеулер
1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
2) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
3) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-тарау. МӘСЛИХАТТАРДЫ ҚҰРУ, ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТI ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
5-бап. Мәслихаттарды құру тәртiбi
Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат таратылады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-бап. Мәслихаттардың құзыретi
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақшаның өзгеріс енгізілген осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 23.01.2001 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 11.07.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан әкімдері (қаладағы әрбір аудан бойынша жеке-жеке) іске асыратын бюджеттік бағдарламаларды бекіту;
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту;
4) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
4-1) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту;
4-2) қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;
4-3) жасыл екпелердi күтiп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту;
5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келісу;
5-1) алып тасталды – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
6-1) алып тасталды – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамалық актiсiне сəйкес аумақтық жəне учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау;
8) алынып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;
9-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;
9-2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу;
10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
11) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;
12-1) әкімнің ұсынысы бойынша "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру;
12-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі әзірлеген және ұсынған "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту;
12-3) облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені әзірлеу және бекіту;
13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
2-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының құзыретіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін бес жылға лауазымға тағайындау, сондай-ақ оларды лауазымнан босату жатады.
2-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретiне жануарларды асырау қағидаларын, елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, сондай-ақ бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленген өзге де қағидаларды бекiту жатады.
2-3. Аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының құзыретіне әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту жатады.
2-4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне жануарлар асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жатады.
2-5. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының құзыретіне жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы шешім қабылдау, олардың құрамын және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді бекіту жатады.
2-6. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының құзыретiне облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту жатады.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-7-тармақ ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді).
2-7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының құзыретіне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін және олардың атқарылуы туралы есепті бекіту жатады.
2-8. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының құзыретіне жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту жатады.
2-9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарының құзыретіне тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау жатады.
3-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.07.09 N 583, 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.09 N 213, 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.24 N 111-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 388-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Мәслихаттың актiлерi
Мәслихаттың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерді қабылдауы "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 384-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 481-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру
1-1. Мәслихаттар жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді. Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халық алдында жауапты болады.
Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
1) мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың есептерiн тыңдайды;
2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды;
3) мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң штат саны лимитi тиiстi мәслихат депутаттарының саны негiзге алынып, бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгiленедi;
5) мәслихаттың регламентiн бекiтедi;
6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен.
9-бап. Мәслихат регламенті
Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептер беру, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбi, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiктерi, қызметiн ұйымдастыру, сондай-ақ дауыс беру тәртiбi, аппарат жұмысын ұйымдастыру және басқа да рәсiмдiк пен ұйымдастырушылық мәселелер мәслихаттың сессиясында бекiтiлетiн оның регламентiнде айқындалады.
Мәслихаттардың үлгі регламентін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен.
10-бап. Мәслихат сессиясын шақыру тәртiбi
11-бап. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi
Шешiмдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
12-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi
13-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар
14-бап. Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi мен өкiлеттiгi
1) аталған мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгiзуге;
2) өздерiнiң құзырына жататын әрi мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
3) өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
4) өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзуге;
5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртiбi
Комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, тұрақты комитеттiң төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
16-бап. Мәслихаттың тексеру комиссиясы
Ескерту. 16-бап алып тасталды - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17-бап. Мәслихаттың уақытша комиссиялары
18-бап. Мәслихат сессиясының төрағасы
Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.
1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
2) мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады;
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген мәслихаттың шешiмiне, хаттамаларға, өзге де құжаттарға қол қояды.
19-бап. Мәслихаттың хатшысы
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
6-1) осы Заңның 24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
11) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
3-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының хатшысы тиісті мәслихаттың қарауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындауға кандидатураларды, сондай-ақ оны қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен.
20-бап. Мәслихат депутаты
1) депутат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
2) депутатты әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет ету қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
3) мәслихаттық өкiлеттiгi тоқтатылса;
3-1) депутат "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сəйкес өзі сайланған саяси партиядан шықса немесе шығарылса;
3-2) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сəйкес депутат сайланған саяси партия қызметiн тоқтатса;
4) депутат қайтыс болған, депутатты хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
5) ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан тоқтатса;
6) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін депутатқа қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;
7) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе;
8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;
9) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының немесе құрамына өзі сайланған мәслихат органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса;
10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалса, мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Мəслихат аумақтық сайлау комиссиясының осы тармаққа сəйкес енгізілген ұсынуы негізінде мəслихат сессиясына қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мəслихаттың тиісті депутатының өкілеттіктерін тоқтатады.
4-1. Өкілеттіктер осы баптың 3-тармағының 3-1) жəне 3-2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде тиісті аумақтық сайлау комиссиясы адамның мəслихат депутатының өкілеттіктерін жоғалту фактісін көрсететін шешім қабылдайды жəне бұл туралы тиісті мəслихатқа хабарлайды.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-бап. Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен.
1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
2) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
3) Алынып тасталды.
4) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге;
5) сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
6) тиiстi әкiмдік отырыстарының жұмысына қатысуға;
7) мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға;
8) фракциялар мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында және мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.
1) мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
2) өз округi сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы, жылына кемінде бір рет хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға;
3) сайлаушылардың өзiне келiп түскен өтiнiштерiн қарауға, азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргiзуге;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністе тұруға міндетті.
Мәслихат депутаты, қызметі мемлекеттік құпиялармен байланысты ұйымдарды қоспағанда, депутаттық қызмет мәселелері бойынша тиісті мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік ұйымдарға кедергісіз кіруге құқылы.
Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кідіріссіз қабылдауға және оларға жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруда қажетті жәрдем беруге міндетті.
1) мінеу;
2) көпшiлiк алдында кешiрiм сұрауға мәжбүр ету.
Жазалардың нақ сол бір теріс қылық үшін қайтадан қолданылуы мүмкін емес.
Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2002.05.21 N 324, 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.11.04 N 186 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен.
21-1-бап. Депутаттық сауалдар
Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жүгінуге құқылы.
Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде берілуге тиіс. Депутат сауалға берілген жауап бойынша өз пікірін білдіруге құқылы.
Прокурордың атына берілген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.
Ескерту. Заң 21-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
21-2-бап. Мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктер
Ескерту. Заң 21-2-баппен толықтырылды - ҚР 2006.11.04 N 186 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 393-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
22-бап. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу
Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
23-бап. Мәслихат өкілеттігін тоқтату негіздері
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-1-бап. Мәслихаттың облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерін қызметке тағайындауға, сондай-ақ тағайындауға мәслихаттардың келісімі талап етілетін әкімдер қызметіне кандидатураларды тағайындауға келісім беру тәртібі
Ескерту. 23-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Мәслихаттың әкім лауазымына тағайындауға келісім беру туралы ұсынысты қарау жөніндегі кезектен тыс сессиясына әкім лауазымына кандидаттың қатысуы міндетті.
Мәслихаттың әкім лауазымына тағайындауға келісім беру туралы ұсынысты қарау жөніндегі сессиясының барысында мәслихат депутаттары әкім лауазымына кандидатқа сұрақтар қоюға, тағайындалатын кандидатура бойынша талқылау жүргізуге құқылы.
Талқылау аяқталғаннан кейін дауысқа салу өткізіледі.
Егер әкім лауазымына кандидат мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысын ала алмаған жағдайда, әкімді тағайындайтын тұлға не оған уәкілеттік берілген тұлға мәслихат сессиясының шешiмін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әкім лауазымына басқа кандидатураны тағайындауға келісім беру туралы ұсынысты мәслихаттың қарауына қайтадан жібереді.
Егер мәслихат:
1) облыс, республикалық маңызы бар қала не астана әкiмдерi қызметіне кандидатураларды тағайындауға үшінші рет келісім бермеген жағдайда, тиісті мәслихаттың өкілеттігін мерзiмiнен бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының төрағаларымен консультациялардан кейін тоқтатуға құқылы;
2) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі лауазымдарына кандидатураларды тағайындауға үшінші рет келісім бермеген жағдайда, облыс әкімі Қазақстан Республикасының Президентіне жазбаша хабарлайды және тиісті мәслихаттың өкілеттігін мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы мәселе қояды.
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті не жоғары тұрған әкім белгіленген тәртіппен жаңадан құрылған мәслихаттың келісуімен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі тағайындалғанға дейін әкімнің міндетін уақытша атқарушыны тағайындайды.
Ескерту. Заң 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
24-бап. Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру өкілеттігі
Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру жөніндегі сессиясы барысында әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашы болған себептер талқыланады, дауыс беру өткізіледі.
Әкімге сенімсіздік білдіру, егер бұл шешімге мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, жүзеге асты деп есептеледі. Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру жөніндегі сессиясы мәслихат сессиясының шешімімен ресімделеді.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен.
24-1-бап. Таңдаушылардың шешімі бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату
Таңдаушыларды қолдау олардың қолдар жинауымен куәландырылады. Қолдар жинаудың басталуы туралы шешімді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаты қабылдайды. Қолдардың жиналуын Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтатуға бастамашылық жасаған таңдаушылар ұйымдастырады.
Әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болуға, онда өкілеттігін тоқтатуға бастамашылық жасалған Парламент Сенаты депутатының тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ өз қолдарын қоятын таңдаушылар туралы мынадай мәліметтер:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) өзі депутаты болып табылатын мәслихат;
3) туған күні, айы және жылы;
4) тұрғылықты мекенжайы;
5) жеке қолы қамтылған бағандар болуға тиіс.
Қол қою парағының үлгісін Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.
Толтырылған қол қою парақтары облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясына тапсырылады, ол паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып, бес күн мерзімде жиналған қолдардың дұрыстығына тексеруді жүзеге асырады және тиісті хаттаманы ресімдейді.
Мәселені дауыс беруге шығарудан бас тартылған күннен бастап бір жылдың ішінде сол негіздер бойынша Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы мәселені қайтадан қозғауға жол берілмейді.
Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы дауыс беру бойынша таңдаушылардың бірлескен отырысы, дауыстарды есептеу және қорытындыларын белгілеу облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату туралы мәселе қою жөнінде шешім қабылдаған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей жүргізіледі.
Дауыс беруге арналған бюллетеньнің мәтінін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.
Бірлескен отырыста Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату бойынша дауыс беру, егер оған қатысып отырған таңдаушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп есептеледі.
Бірлескен отырыста төрағалық етуші облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаттың хатшысы болып табылады.
Таңдаушылардың бірлескен отырысына облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қатысады.
Таңдаушылардың бірлескен отырысы өтетін үй-жайда облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы дауыс беруге арналған пункт ұйымдастырады.
Тиісті мәслихаттың хатшысы облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясына ұсынатын бірлескен отырыстың хаттамасы Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату бойынша таңдаушылардың бірлескен отырыс өткізуін куәландыратын құжат болып табылады.
Бірлескен отырыс облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясының төрағасы Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату бойынша дауыс беру нәтижелерін жария еткеннен кейін жабылады.
Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша:
1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қоятын;
2) таңдаушылардың бірлескен отырысында жария етілетін;
3) Орталық сайлау комиссиясына дауыс беру күнінен бастап екі күн мерзімнен асырмай жіберілетін Парламент Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату жөніндегі дауыстарды санау хаттамасы жасалады.
Егер осы шешімге дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының елу пайыздан астамы дауыс берсе, Парламент Сенаты депутатының өкілеттігі тоқтатылды деп есептеледі.
Дауыстарды санауға, дауыс беру қорытындыларын белгілеуге және жариялауға байланысты өзге де мәселелер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген ережелерге сәйкес шешіледі.
Сайлау комиссиясының шешіміне немесе іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы өтініштерді қарау Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-тарауына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. Заң 24-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-бап. Мәслихат аппараты
2-1-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларын құру және олардың қызметін ұйымдастыру
Ескерту. Заң 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 393-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3-тарау. ӘКIМДЕР ЖӘНЕ ӘКIМДІКТЕР. ҚҰРЫЛУЫ, ҚҰЗЫРЕТI
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТIНIҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
26-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдіктері. Құрылуы және құрамы
27-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің құзыретi
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады;
1-1) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
1-2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа табыс етеді;
1-3) тиiстi мәслихатқа және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
1-4) облыстық мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиiстi қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттер туралы шешiмдерiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
1-5) алып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);
1-6) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
1-7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді және оның құрамын айқындайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер қаралған жағдайда, бюджеттік комиссиялардың жұмысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылады;
1-8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспары мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарын бекiтедi;
1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасады, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
1-11) атқарушы билiктің мемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделері және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді;
1-12) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзiрлейдi және мақұлдайды, облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады және оның орындалуын қамтамасыз етедi;
1-13) жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді және тиісті аумақтағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
1-14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда тиісті аумақтың шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
1-15) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді;
1-16) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін жерлеудің және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкес жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;
2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
4-1) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді;
4-2) аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады;
4-3) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;
4-4) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындайды және бекітеді;
5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
6) Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерiн орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың қарауына енгiзедi; облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiк объектiлерi мен облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi; әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды облыстық мәслихатқа бекiту үшiн ұсынады;
6-1) объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы (реконструкциялануы, кеңейтілуі, жаңғыртылу, күрделi жөнделуі) белгіленген объектілерге мониторингті жүзеге асырады;
7) коммуналдық меншiктегi су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желiлерiн және республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқа да көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн салу мен пайдалануды ұйымдастырады;
7-1) елді мекендер үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
8) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
8-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
8-2) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды, қайта өңдеудi және кәдеге жаратуды ұйымдастырады;
8-3) республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды құру туралы шешім қабылдайды;
9) өз құзыреті шегінде II, III және IV санат объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады, табиғат пайдаланушыларға II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді;
10) облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтiп ұстауды қамтамасыз етедi;
11) ұлттық стандарттардың сақталуын қамтамасыз етедi;
11-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
12) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
14-тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі).
14) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
14-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды қамтамасыз етеді;
14-2) мемлекеттiк меншiк нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етiлуiне бақылауды жүзеге асырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
15) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15) азаматтардың тегiн білiм алу құқығын iске асыруды қамтамасыз етедi;
15-1) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз етеді;
16) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16-1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;
17) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
17-1) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрады;
17-2) өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, сондай-ақ бюджет есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
17-3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілейді;
17-4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;
17-5) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
17-6) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:
қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі;
17-7) пробация қызметінің есебінде тұрған мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмағандарды ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;
17-8) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;
18) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерін өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдеседі;
18-1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылуын және оларды күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ республикалық және халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарды қоспағанда, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жүргізілуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
19) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің, қаладағы аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіреді;
19-1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының жалпы лимитi және нормативтері шегiнде белгiлейдi және оны аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiкке жеткiзедi;
19-2) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетін ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының штат санының ең төменгі нормативтерінен тыс жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының жалпы лимитi шегінде қосымша штат санын жылына бір реттен артық емес бөлуге құқығы бар;
20) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi мәслихат қарауына қарыз алу жөнiнде шешiмдер қабылдау туралы ұсыныстар енгiзедi;
21) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
21-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
21-2) "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiн жүргiзудi және толықтыруды қамтамасыз етедi;
21-3) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
21-4) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiне тiркеу тәртiбi және мекенжайдың құрылымы туралы ереженi әзiрлейдi және бекiтедi;
21-5) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізеді және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді әзірлейді;
22) мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындар құрады, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиті және нормативтері шегінде белгiлейдi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдарының штат саны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
22-1) алып тасталды
22-2) алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
22-3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін, хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
22-4) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне толық көлемде түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
22-5) алып тасталды
22-6) алып тасталды
22-7) Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
23) "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережелерінің жобасын әзірлейді және оны мәслихаттың бекітуіне ұсынады;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы қазақстандық қамту бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны сауда және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органға береді;
25) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзеді;
26) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
26-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
26-2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.05.2020 № 325-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26-2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және ішкі істер органдарымен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
27) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
27-1) су басқан аймақтарда тұрғын үйді пайдалану орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру, төтенше жағдайлардың ықтималдығы кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету, су басқан аймақтардан халықты уақытша қоныс аударту үшін тұрғын үй салу жөніндегі іс-шараларды қаржыландырады және іске асырады;
27-2) "Тұрғын үй қатынастары туралы" және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне құжаттарды дайындауды және дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді;
27-3) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
27-4) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
27-5) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
27-6) елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
29) "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады;
30) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;
30) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
31) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
32) алып тасталды - ҚР 03.04.2019 № 243-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
32-1) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;
33) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегі уәкiлеттi орган бекiтетiн қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзiрлейдi және мәслихатқа бекiтуге ұсынады;
33-1) жасыл екпелердi күтiп-баптау мен қорғау қағидаларын әзiрлейдi және мәслихатқа бекiтуге ұсынады.
Облыстардың, астананың, Шымкент қаласының әкімдіктері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жасыл екпелердi күтiп-баптау мен қорғаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген жасыл екпелердi күтiп-баптау және қорғау қағидаларын әзiрлейдi және мәслихатқа бекiтуге ұсынады;
34) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекітеді;
35) ұлттық және аумақтық кластерлерді дамытуды жүзеге асырады;
36) дәрілік өсімдіктер мен өсімдіктен алынатын техникалық шикізатты жинауға тыйым салу және оның күшін жою туралы шешім қабылдайды;
37) жерді дамыту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді.
1-2. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негiзiнде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді.
1-3. Алып тасталды - ҚР 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.
Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.04.25 N 179, 2001.12.24 N 276, 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.04.15 N 45, 2006.01.10 N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 166, 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2006.07.07 N 178, 2006.12.11 N 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.11 N 218, 2007.06.19 N 264, 2007.07.21 N 307, 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.01.20 № 239-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 N 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2014 N 229-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 483-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
28-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiн қызметке тағайындау және қызметiнен босату тәртiбi
Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен.
29-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң құзыретi
1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мүддесiн білдiредi;
1-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады;
1-2) атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді;
2) орталық атқарушы органдар басшыларына орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiн, облыс әкiмi мен әкiмдігінің актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiн орындауға қатысты бөлiгiнде жұмыстағы кемшiлiктерiн жоймаған ретте облыс әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi қорытынды енгiзуге құқылы;
2-1) жоспарлы кезеңде бюджет қаражаты шегінде қол жеткізуді (орындауды) қамтамасыз етуге міндеттенетін негізгі нысаналы индикаторлар қамтылатын меморандумға қол қояды;
3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi;
3-1) тиісті мәслихатқа "Облыстың (қаланың) құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;
4) мына лауазымды адамдарды:
жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң орынбасарларын;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен нысанды киiм киіп жүру құқығы берілген және әскери немесе өзге арнаулы атақ берiлетiн басшыларды қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаментінің басшысы лауазымына кандидатураны келіседі;
5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану мәселелерiн шешедi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық, республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, астанадағы аудандық) әкiмдіктер мен әкiмдер жұмысын үйлестiредi;
7) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшiлiк-аумақтық бірлікті басқару схемасын тиістi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;
9) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихатқа бекiтуге ұсынады;
10) Алынып тасталды.
11) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы, әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
12) кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттiк меншiктiң басқа да объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен тең дәрежеде келiсiм-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады;
13) төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
14) спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін айқындайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
15) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында полиция органдарының жедел-іздестіру және процестік қызметіне араласпай, олардың алдына құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде міндеттер қояды, жылына кемінде бір рет полиция департаменті басшысының тиісті есептерін тыңдайды.
Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.22 N 255, 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.11.2015 № 388-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
29-1-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппараты басшысының құзыреті
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының басшысы:
1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
4) аппараттағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тарау 29-1-баппен толықтырылды - ҚР 23.11.2015 № 417-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
30-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдіктер. Құрылуы және құрамы
Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктің құзыреті
1) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;
1-2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына табыс етедi;
1-3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
1-4) алып тасталды - ҚР 02.07.2014 № 225-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
1-5) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
1-6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді және оның құрамын айқындайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер қаралған жағдайда, бюджеттік комиссиялардың жұмысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылады;
1-7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекiтедi;
1-8) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын әзірлейді және мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi;
1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның, облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
1-11) жерді дамыту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2) заң актілеріне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
РҚАО-ның ескертпесі!
2-1) тармақшаның осы редакциясы ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз) халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап қолданысқа енгізілді (халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 дейін ҚР 23.01.2001 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 11.07.2017 датадағы архивтік нұсқасын қараңыз).
2-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншіктің тізбесін айқындайды;
2-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
4-1) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;
4-2) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындайды және бекітеді;
5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
6) осы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекітуіне ұсынады, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентішілік (қалаішілік) және ауданішілік коммуналдық желілер мен құрылыстарды салуға рұқсат береді;
7) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
8) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
9) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
11) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
12) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуын және оны бөлуін ұйымдастырады;
12-1) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
12-2) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
12-3) мемлекет қажеттіліктері үшін жер учаскелерін алып қоюды, оның ішінде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;
12-4) республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық беріктігін орнықтыруға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
12-5) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
12-6) алып тасталды - ҚР 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
12-7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
12-8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
12-9) су басқан аймақтарда тұрғын үйді пайдалану орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру, төтенше жағдайлардың ықтималдығы кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету, су басқан аймақтардан халықты уақытша қоныс аударту үшін тұрғын үй салу жөніндегі іс-шараларды қаржыландырады және іске асырады;
13) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
14) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
14-1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қылмыстық-атқару саласындағы қызметті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
14-2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
14-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;
14-4) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;
15) аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;
16) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
16-1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне құжаттарды дайындауды және дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді;
16-2) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
16-3) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
16-4) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
16-5) елді мекенге бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
17-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
17-2) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізеді және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді әзірлейді;
18) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
19) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19) азаматтардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығының іске асырылуын жүзеге асырады;
19-1) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз етеді;
20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер шегінде аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;
21) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетке толық көлемде түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
22) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялауды жүзеге асырады;
23) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
23-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан, облыстық маңызы бар қала аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;
24) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;
25) дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
26) "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады;
27) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;
27) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
28) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді.
29) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
30) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
30-1) елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады.
1-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.
Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгізіледі), 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.04.15 N 45, 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.11 N 218, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 N 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.07.2014 № 225-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 N 229-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
32-бап. Облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы аудан және астана ауданы әкімін қызметке тағайындау, қызметтен босату және оның өкілеттігін тоқтату тәртібі
осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісінше облыстық маңызы бар қала және облыс ауданы мәслихатының келісімімен облыс әкімі қызметке тағайындайды;
облыс әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және қызметтен босатады.
осы Заңда белгіленген тәртіппен облыстық маңызы бар қала мәслихатының келісімімен облыстық маңызы бар қала әкімі қызметке тағайындайды;
облыстық маңызы бар қала әкімі оның өкілеттігін тоқтатады және қызметтен босатады.
осы Заңда белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының келісімімен республикалық маңызы бар қала және астана әкімі қызметке тағайындайды;
республикалық маңызы бар қала және астана әкімі оның өкiлеттiгiн тоқтатады және қызметтен босатады.
Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
33-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзыретi
1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;
2) облыс әкiмiне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы;
3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзедi;
3-1) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;
4) мынадай лауазымды адамдарды:
жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларын;
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын қоспағанда, әкiм аппаратының қызметкерлерiн, сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
4-1) алып тасталды - ҚР 26.11.2019 № 273-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
6) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
6-1) тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органды кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу үшін уәкілетті орган ретінде айқындайды;
7) Алынып тасталды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
9) Алынып тасталды.
10) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшілiк-аумақтық бірлікті басқару схемаларын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;
12) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
13) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, азаматтық қорғау, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
14) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді;
14-1) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсетеді;
15) төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
1-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аумақтық полиция органының жедел-іздестіру және процестік қызметіне араласпай, олардың алдына құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде міндеттер қояды, жылына кемінде бір рет аумақтық полиция органы басшысының тиісті есептерін тыңдайды.
Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22 N 255, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.11.2015 № 388-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
34-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық, ауылдық округтiк әкiмдіктер
Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық, ауылдық округтiк әкiмдіктер құрылмайды.
35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
4-1) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
10-1) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
10-2) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
12-1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;
12-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
12-9) "Алтын алқа" алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;
12-10) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
14-2) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсетеді;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) алып тасталды - ҚР 05.11.2018 № 192-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
18) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
23) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
24) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:
қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі жүзеге асырады.
1-3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді;
2) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
3) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
5) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;
6) басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
7) берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;
8) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
9) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
10) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
11) алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз).
12) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;
13) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;
14) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң авариялық жағдайдағы үйлерін бұзуды ұйымдастырады;
15) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді.
1-4. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес:
1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізеді;
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады;
3) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгізіледі), 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22 N 255, 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 N 229-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 403-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптың 1-т. 1) тармақшасынан қараңыз); 05.11.2018 № 192-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
36-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін қызметке сайлау, қызметтен босату тәртібі
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен.
Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
36-1-бап. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізу
Кандидаттардың осы Заңда белгіленген шекте сайлауға қатысуға тең құқықтары бар.
Облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары әкімдер сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын сайлау органдары болып табылады.
Облыстық сайлау комиссиясы:
1) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының қызметіне басшылық етеді; олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген жергілікті бюджет қаражатын олардың арасында бөледі; төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының қызметі үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) келіп түскен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде құрылған төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешімдерін орындауын ұйымдастырады;
3) сайлауды әзірлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есептерін, сондай-ақ сайлау туралы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер органдарының ақпаратын тыңдауға құқылы;
4) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы:
1) әкімдер сайлауын тағайындайды және оның өткізілуін қамтамасыз етеді;
2) әкімдікке ұсынылған кандидаттарды, олардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, осы Заңда көзделген жағдайларда оларды тіркеу туралы шешімнің күшін жояды;
3) дауыс беруге арналған бюллетеньдердің мәтіндерін бекітеді және олардың дайындалуын ұйымдастырады;
4) дауыс беруге арналған пункт дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшіктердің жасалуын қамтамасыз етеді;
5) әкім сайлауындағы дауыс беру нәтижелерін анықтайды, сайланған әкімді тіркейді, сайлау нәтижелері туралы хаттаманы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне береді;
6) қайта сайлау өткізеді;
7) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және осы Заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалады.
Кандидатураларды жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайлауды тағайындаған кезден бастап жүргізілуі мүмкін.
Әкімдікке кандидаттарды ұсыну аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің ұсынуын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімдікке кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы кандидаттардың өтініштерін беру арқылы жүргізіледі.
Әкімдікке кандидаттарды ұсыну туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің ұсынуын өзі аудандық (қалалық) сайлау комиссиясынан дауыс беруге дейінгі екі күннен кешіктірмей кері қайтарып алуы мүмкін.
Бұл жағдайларда тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидатты тіркемейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды және қабылданған шешім туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне хабарлайды.
Кандидаттарды ұсыну сайлауға дейінгі отыз күн қалғанда басталады және жиырма бес күн қалғанда аяқталады.
Егер кандидаттардың барлығы тіркелгенге дейін өз кандидатураларын алып тастаса немесе кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталатын күні әкімдікке екі кандидаттан кем тіркелсе, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мен тіркеу мерзімін ұзартады, бірақ ол он күннен аспайды.
Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттың оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтайды, бұл жөнінде тиісті хаттама жасайды.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне кірістері және мүлкі туралы декларациялар тапсырады.
Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері және мүлкі туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары декларацияларды алған күннен бастап жеті күн ішінде тексереді.
Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері туралы және мүлкі туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде ұсынады.
Кандидаттар туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының талаптарын алған өзге де мемлекеттік органдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап екі күн ішінде ұсынады.
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі қызметіне тиісті кандидаттарды ұсыну туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің ұсынуы;
2) әкімдікке кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініш;
3) әкімдікке кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері туралы және мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде салық органының анықтамасы.
1) кандидаттарды тiркеу аяқталғаннан кейiн жетінші күннен кешiктiрмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілмен әрбiр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын (болған кезде), туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тіркеу туралы хабарлайды;
2) тiркелген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;
3) мынадай:
кандидатты ұсыну қағидалары бұзылған;
кандидат лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдаланған;
сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін кандидаттың сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу фактілері анықталған;
сот таңдаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, декларацияны тапсыру кезіне кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң анық еместiгi анықталған;
осы Заңда көзделген өзге де талаптар сақталмаған жағдайларда, кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды.
Кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға кандидат жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа үш күн мерзімде шағым жасауы мүмкін.
Кандидат тіркеуге дейінгі кезеңде және дауыс беруге дейін екі күн қалғанда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына бұл жөнінде жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
Бұл жағдайларда тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды және қабылданған шешім туралы аудан әкіміне хабарлайды.
Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттардың барлығы шығып қалған жағдайда, сайлау мерзімін ұзарту туралы мәселені аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы шешеді.
Дауыс беруге дейін екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшін жоюға немесе бұрын тiркеуден алынған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейдi.
Сайлау алдындағы үгiт:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулердi) өткiзу;
2) баспа және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ қызметтік мiндеттерiн орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына, сайлау комиссияларының мүшелеріне, діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, оның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалаулар мен жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, таңдаушыларға тегiн тауарлар, көрсетілетін қызметтер, бағалы қағаздар ұсыну, сондай-ақ ақша төлеу арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге тыйым салынады.