
Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі демалу мен тамақ ішуге арналған үзілісімен күн сайынғы (сенбі мен жексенбіден басқа) жұмыс уақытының ұзақтығы сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін белгіленеді.
«Егер «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.»
«Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы функцияларын жүзеге асыру болып табылады.»
Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;»;
1) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
2) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырмасын қарайды;
3) тапсырыс беруші ұсынған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) әзірлейді және бекітеді;
4) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;
5) конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
6) мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;
7) тапсырыс берушіге веб-порталда автоматты түрде тіркелген, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған тұлғалар тарапынан сұратулар салулар мен ескертулерді жібереді;
8) веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болмауы тұрғысынан конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімдерін қарайды;
9) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу және сыйлық беру, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді.
https://wiki.goszakup.gov.kz/pages/viewpage.action?pageId=327707
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18120 болып тіркелді.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның қандай нормалары негізінде мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынады?
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның (бұдан әрі - Заң) 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасына сәйкес техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде мүгедектер саны жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде елу пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылады.
Осылайша, тапсырыс берушілер/ұйымдастырушылар Заңның 39-бабы 3-тармағы 54) тармақшасын техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу үшін мүгедектер саны жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде елу пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда қолдануға құқылы.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасында көрсетілмеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алуға жол берілмейді.
Сонымен қатар, Заңның 51-бабының 2-тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде осы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ағымдағы жылы сатып алу үшін бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің жүз пайызы көлемінде Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.
Заңның 51-бабының 3-тармағына сәйкес тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесін және оларды енгізу тәртібін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және (немесе) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын
жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Баяндалғанның негізінде, мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері/ұйымдастырушылары Заңның 51-бабында көзделген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын тиісті тізбеге енгізілген мүгедектер ұйымдары арасында ғана сатып алады.
Мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушілер/ұйымдастырушылар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбеге кірмейтін мүгедек ұйымдардан Заңның 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасында көзделген тәртіппен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға құқылы.
Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 402-тармағына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдауға құқылы:
1) тапсырыс берушінiң банктік шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
2) Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес қағаз тасымалдағыштағы банктік кепілдікті.
Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді Шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады (4-қосымшаның 75-тармағы, Қағидалардың 9-қосымшасының 71-тармағы).
Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес (банктік кепілдік) банк кепілдігін ұсына отырып, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша кепілгер болып табылатынын растайды және тапсырыс берушіге шартта көрсетілген соманы төлеудің қайтарып алынбайтын міндеттемесін өзіне алады.
Сондай-ақ Қағидалардың (банктік кепілдік) 21-қосымшасына сәйкес кепілдік міндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады.
Осылайша, кепілдік міндеттеме оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енетінін және өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін әрекет ететінін ескере отырып, банк кепілдігін ауыстыруға жол берілмейді.