Меню

Страницы

Статья

Ономастика

Ономастика – тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi болып табылады.

Сондай-ақ, Ономастика мемлекеттік тіл саясатының маңызды саласы болып табылады және негізгі 3 бағытта жүзеге асырылады:

1.Әкімшілік аумақтық бірліктерге атау беру және қайта атау, олардың тарихи атауларын қайтару.

2.Құрамдас бөліктерге (көше, даңғыл, тұйық көше, саябақ, бульвар т.б.) атаулар беру және қайта атау.

3.Мемлекет меншігіндегі объектілерге атау беру, оларды қайта атау.

Қазіргі таңда елімізде жоғарыда аталған жұмыстарды Республикалық ономастика комиссиясы және облыс әкімдіктері жанындағы ономастикалық комиссиялар мен қалалар және аудандар әкімдіктері жанынан тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұсыныстарды зерделеу мақсатында құрылған ономастикалық жұмыс топтары жүзеге асырады.

Атауларды өзгерту алдында кездесулер, дөңгелек үстелдер, БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар және т.б. арқылы тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Аталған жұмыстарға облыстық ономастика комиссиясының, ономастикалық жұмыс топтарының мүшелері атсалысады.

Сонымен қатар Мәдениет басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылы облыс аумағында ономастика саласы бойынша кең ауқымды дәйекті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шаралар аясында саясаткер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымының вице-президенті Д.Қ. Көшім, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, тіл жанашыры, «Құрмет» орденінің иегері Қ.Х. Жақып және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының төрағасы З. Санайдың, басқарма басшысының орынбасары М.Б. Әбдірахмановтың, ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы А.Ж. Садуақасованың арнайы спикер ретінде қатысуымен облыстың 8 ауданында «Ономастика саласы бойынша түсіндіру-зерттеу жұмыстары» тақырыбында 15-тен артық кездесу, Арқалық және Рудный қалаларында «Жер-су атаулары: елдік сана және рухани жаңғыру» атты көшпелі семинарлар өткізілді. 

Аталған шараларға аудандық (қалалық) мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық пікір белсенділері, жергілікті қоғамдастық жиналыстарының, ардагерлер кеңесінің, ономастикалық жұмыс топтарының мүшелері, өлкетанушылар, оқытушылар, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдері, тұрғындар, мекемелер, кәсіпорындар басшылары, жеке кәсіпкерлер, музей, кітапхана мамандары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысты. Көшпелі семинарлар жұмысымен барлық өңірлер қамтылды.

Спикерлер Қазақстан Республикасының ономастика саясатының негізгі бағыттары, Қостанай облысындағы ономастика мәселелері, ономастика саласын заңдық тұрғыдан реттеу туралы баяндап, тәжірибемен бөлісті. Аудандар мен қалалардың атқарушы органдары өкілдері өңірлердегі ономастикалық ахуалмен таныстырды. Қатысушылар көшелер атауларын өзгерту, объектілерге кісі есімдерін беру туралы көкейтесті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.

2024-2025 жылдары облыстың 3 жалпы білім беру мектебіне Абайдың (Қарасу ауданы), Спандияр Көбейұлының (Қостанай қаласы), Кәмшат Дөненбаеваның (Ұзынкөл ауданы) есімдері берілді, 1 ауылдың тарихи атауы қайтарылды (Әулиекөл ауданы Новонежин ауылдық округі Лаврентьевка ауылы - Жосалы ауылы), Қостанай қаласының 3 көшесінің, Қамысты ауданы Қамысты ауылының 1 көшесінің атауы өзгертілді, Қостанай қаласындағы атаусыз саябаққа атау берілді.  

Дата публикации
03 октября 2022
Дата обновления
08 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы