Меню

Страницы

Статья

ҚАЗТЕСТ – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі

ҚАЗТЕСТ жүйесі Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасы аумағында әртүрлі қызмет түрлерімен айналысатын шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ретінде 2006 жылы Ұлттық тестілеу орталығының базасында құрылған. 

ҚАЗТЕСТ - халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерінің, атап айтсақ, TOEFL, IELTS (ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі), TÖMER (түрік тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі), ТРКИ (орыс тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі) сияқты жүйелердің қағидаттары мен талаптарына негізделген, азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі.

ҚАЗТЕСТ-тің құрылымдық жүйесі 5 блоктан тұрады:

Тыңдалым –30 тапсырма;

Лексика-грамматикалық құрылым – 40 тапсырма;

Оқылым –40 тапсырма;

Жазылым – 3 тапсырма;

Айтылым – 2 тапсырма.

  ҚАЗТЕСТ жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі –  тест тапсырмаларын әзірлеу  және оларды қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында тестілеу өткізу үшін қолдану.

 ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу келесі нормативтік құқықтық құжаттар:

- Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың       2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын арналған мемлекеттік бағдарламасы;

-  Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктерінің Ұлттық стандарттары;

- ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу технологиясы негізінде жүзеге асырылады.

Дата публикации
15 сентября 2022
Дата обновления
15 сентября 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы