Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы орындалуы туралы

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді (2019 жылғы 31 желтоқсан № 1045).

Облыста тілдерді оқыту инфрақұрылымы жасалған. Бүгінгі күні  облыс бойынша заманауи оқытудың әдістемелік және  техникалық құралдарымен қамтылған 20 тілдерді оқыту орталығы бар (ҚР - 91). Соңғы үш жылда мемлекеттік тілді 18 мыңнан астам адам(2019 ж.-6709),ағылшын тілін 5 мыңнан астам адам (2019 ж.-1763), ана тілдерін 437 адам оқыды (2019 ж.- 192), соның ішінде 70 ауылдық округта  қазақ тілін – 1767 адам, ағылшын тілін – 114 адам оқыған.

(2020 ж. қазақ тілін – 6603 адам, ағылшын тілін - 1872 адам, ана тілдерін – 204 адам оқуда), соның ішінде 69 ауылдық округта  қазақ тілін – 1638 адам, ағылшын тілін – 120 адам оқуда).

Үш жылдың ішінде жергілікті атқарушы органдардың 6370 мемлекеттік қызметшісі «Қазтестке» қатысты. Тестілеуге экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы, қаржы және денсаулық сақтау басқармаларының 80%-дан астам қызметкерлері қатысып, белсенділік танытты. Нәтижесінде тестке қатысқан мемлекеттік қызметшілер В1 деңгейін меңгергендерін растады (2019 ж. 38%, жоспар 35%).

Тілдерді оқыту орталықтарында 159 адам жұмыс істейді. Тіл мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған 220 семинарлар ұйымдастырылды (2019 ж. – 93).

Сонымен қатар мемлекеттік қызмет істері департаменті мен «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясымен жасалған меморандумға сәйкес 3 ақпаннан бастап әр жұма сайын, тілдерді оқыту орталықтарының базасында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде тегін курстар ұйымдастырылды. Аталған оқыту курстарында 730-ға жуық азаматтар цифрлік біліктілігін дамытты.

Дата публикации
28 июля 2022
Дата обновления
28 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы