Меню

Страницы

Статья

Ономастикалық жұмыс

Объектілер, ауылдық округтар, ауылдар және олардың құрамдас бөліктерінің идеологиялық тұрғыдан ескірген  атауларын өзгерту бойынша Қостанай облысында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Қолданыстағы «Тарихи тұлғалар» және «Жер-су атаулары» тізімдерін зерделеу, өзектендіру және пысықтау бойынша жұмыс тобы құрылды. Оның жұмысы нәтижесінде  аталған  тізімдерге енгізу үшін Тіл саясаты комитетіне облысымыздан 79 тарихи тұлға,  71 жер-су атауы ұсынылды, оның ішінен 41 ұсыныс (20 есім және 21 атау) енгізілді.

2019 жылы облысымыздың ономастикалық кеңістігінде оң өзгерістер орын алды.  2019 жылы облыс бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 24.06.2019ж. № 29 Жарлығымен Таран ауданына және ҚР Үкіметінің 12.04.2019ж. № 192 қаулысымен «Рудный қаласы әкімдігінің «№7 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бейімбет Майлиннің есімі берілді, Ұзынкөл ауданында Россия ауылдық округінің Обаған, Суворов ауылдық округінің және Суворов ауылының Сатай деп аталатын тарихи атаулары қайтарылды, Ұзынкөл ауылының идеологиялық тұрғыдан ескірген  9 көшесіне Өркен, Келісім, Самал, Тұлпар, Мерей, Шапағат, Көктем, Арай атаулары және қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби мүсінші,  Қазақ КСР-ң халық суретшісі, еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстанда ұлттық монументалдық өнердің негізін қалаған Хакімжан Наурызбаевтің есімі берілді, Қостанай қаласының Гагарин көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Гвардейская көшесі Юрий Гагарин көшесі, В.Чекмарев көшесі Орал Мұхаметжанов көшесі болып өзгертілді, дәрігер Дмитрий Герасимовтың есімі облыс орталығындағы «Аэропорт» шағынауданындағы атаусыз көшеге берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 02.01.2020ж. №235 Жарлығымен Қостанай ауданы Затобол кенті аудандық маңыздағы Тобыл қаласы болып өзгертілді.

Абайдың 175-жылдық мерейтойы құрметіне Амангелді ауданы Амангелді ауылында орталық көшеге есімі берілді, сонымен қатар Федоров ауданындағы Димитров атындағы орта мектепті Абай Құнанбаевтің есімімен қайта атау және осы аудандағы  тағы бір орта мектепке ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің есімін беру бойынша құжаттар Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.

Ономастикалық ахуалды түсіндіру мақсатында тілдерді дамыту басқармасының мамандары, облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, ғалымдар, қоғамдық пікір белсенділері облыстық «Қазақстан-Қостанай», «Алау» телеарналарындағы «Ел мүддесі», «Бірінші студия», «Көкейтесті сұхбат» бағдарламаларында ономастика мәселелері бойынша үнемі сұхбат беріп отырады. Республикамыздың танымал ғалымдарының қатысуымен «Ономастика: ізденіс пен тәжірибе» атты  ғылыми-практикалық конференциясы, Денисов, Меңдіқара, Науырзым және Федоров аудандарында жақын жерде орналасқан аудандар мен қалалар өкілдерінің қатысуымен көшпелі дөңгелек үстелдер өткізілді.

 

Көрнекі ақпарат.

«ҚР тіл туралы» Заңның 21 бабының талаптарын орындау жөнінде ҮЕҰ, «Жас Отан», БАҚ өкілдерінің қатысуымен облыс бойынша дөңгелек үстелдер, акциялар, мониторинг шаралары жүргізіліп отырды. Сәуір айынан бастап «Таза қалаға – таза жарнама» акциясы шеңберінде облыс орталығының басты көшелерін қамтыған рейдтер жүргізілді. Осы шараны жүргізу барысында тіл заңнамасы талабына қайшы ресімделген 1056 жарнама өнімі анықталып, солардың 960 заңға сәйкестендірілді.

Көрнекі ақпарат бойынша шараларды жүзеге асыру барысында бұзушылық анықталған жағдайда кәсіпкерлік субъектісіне ұсыным-хат табысталады және көрнекі ақпаратты ресімдеу жөнінде әдістемелік көмек көрсетіледі.

«NUR  OTAN»  партиясы жанындағы республикалық «Мирас»  қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 24 қазандағы отырысы хаттамасын орындау мақсатында қалалар мен аудандар әкімдіктері қоғамдық бірлестіктер өкілдерін тарта отырып көрнекі ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу жұмыстарын жандандыруда.

Дата публикации
28 июля 2022
Дата обновления
28 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы