Меню

Страницы

Статья

«Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, реставрациялау және қорғау орталығы» КММ

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, реставрациялау және қорғау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 135 «Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, реставрациялау және қорғау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысымен құрылды.

Мекеменің құрылымына әкімшілік бөлім, тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімі, археологиялық  зерттеулер бөлімі  кіреді. Штатта барлығы 14 адам. Мекеменің басшысы: Уәлиев Бекболат Балабекұлы; Тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінің басшысы  Спанова Динара Тұрсенбекқызы; Археологиялық  зерттеулер бөлімінің басшысы Абильмаликов Қуаныш Қабдолұлы,     ғылыми қызметкер  Байдалы Рауан Жомартұлы.  

Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні тарихи-мәдени мұраның сабақтас дамуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды реттеу  болып табылады.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты тарихи-мәдени мұра объектілерін, киелі объектілерді зерттеу, қалпына келтіру және қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін  келесі  қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • Тарихи-мәдени мұра объектілері мен киелі объектілерді анықтау, есепке алу, сақтау, зерделеу, пайдалану және олардың жай-күйіне мониторинг жүргізу; тарих және мәдениет ескерткіштері туралы жаңа мәліметтерді анықтау бойынша; мүдделі органдармен бірлесіп қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафтты айқындау бойынша жұмыс жүргізеді;
  • Тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері ретінде тану туралы; тарихи-мәдени сараптама жүргізу туралы; тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныстар енгізеді;
  • Жылжымайтын тарихи және мәдени ескерткіштер бұзылған, құлаған, орын ауыстырылған және өзгерген жағдайда оларды ғылыми зерттеу бойынша жұмыстарды жүргізеді; тарихи және мәдени ескерткіштерді техникалық байқау актілерін жасауға қатысады;
  • Қостанай облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның отырысына құзыреті бойынша материалдар дайындайды;
  • Облыстың тарих және мәдениет ескерткіштері, киелі объектілері бойынша ғылыми зерттеулерді, материалдарды насихаттау және танымал ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

 


 

Байланыс деректері:

Мекен-жайы: Әл-Фараби даңғылы, 112

Басшы: Уалиев Бекболат Балабекович

Телефон: 8(7142) 54 10 69 (қабылдау бөлмесі) 8 (7142) 54 10 29 (тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімі)

https://murakst.kz/kk/

Ақпараттық портал әлеуметтік желілердентұрады:

https://instagram.com/qostanai_mura  

https://www.facebook.com/qostanaimura   

E.mail: qostanai_mura@mail.kz

Дата публикации
26 августа 2021
Дата обновления
22 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы