Қостанай облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі Комиссия Қостанай облысының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану мақсатында құрылды.
Комиссияның негізгі мақсаттары:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнаманы іске асыруға жәрдемдесу;
2) мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру туралы өтініштерді қарау;
Комиссия отырыстарында мәселелер бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар шығарылады:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, сақтау, зерделеу, пайдалану;
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін алдын ала есепке алу тізіміне енгізу;
3) тарихи-мәдени мұра объектілерін алдын ала есепке алу тізімінен алып тастау;
4) тарихи-мәдени мұра объектілерін жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану;
5) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айыру;
6) монументті өнер құрылыстарын орнату;
7) тарихи-мәдени сараптама жүргізу;
8) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу;
9) археологиялық жұмыстар жүргізу;
10) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру үшін уәкілетті органға ұсыныстар жіберу.
Сондай-ақ комиссия отырыстарында мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру туралы өтініштер қаралады.