Меню

Страницы

Статья

Татыр шайқасы болған жер

Татыр шайқасы Жангелдин ауданы Тәуіш ауылынан үш шақырым жерде болған. 1916 жылғы Торғай ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшысы Амангелді Иманов бастаған сарбаздар Торғайдан шыққан патшаның жазалаушы әскерін осы «Татыр» көлінің жағасында қалың қамысқа жасырынып күтіп, әскер алаңсыз жақындап келгенде тұтқиылдан шабуылдап жазалаушы әскерді талқандап жеңген.

Осы қанды шайқас «Татыр соғысы» деп көтеріліс тарихына енді. Жердің қолайлығы қалың өскен қамыс, жолдың жақын өтуі, көтерілісшілерге жақсы жағдай туғызды.

Осы жол бойындағы ескерткіш кешегі 1916 жылғы ұлт-азаттық күреске қаны төгілген сарбаздар рухына арналған. Тарих ғылымдарының кандидаты Құрманғали Дәркенов қасиетті жер туралы: «Осы жер білмеген адамға қарапайым ғана ауыл болып көрінетін шығар, бірақ тарихқа терең үңілетін болсақ, бұл ауыл бабаларымыздың қаны төгілген жер. Алғаш әділетсіздікке, жауыздыққа, қазақ халқының тағдырына балта шапқан үстемдікке қарсы атқа қонған қасиетті орын. Татыр шайқасы- ұлт намысын ту еткен батыр бабаларымыздың әскер саны көп, қару-жарағы мықты, күшті жаумен бетпе-бет келген алғашқы ірі шайқасы. Ерлік іс ешқашан ұмытылмайды. Өткен тарихты жаңғырту, халықтың тағдырын еске салу бүгінгі біздің басты мақсатымыз болуы керек», – деген болатын.

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы