
Қазақ даласында ХХ ғасырдың басында журналистиканың негізі қаланғаны белгілі. Бұл заманда өмір сүрген қазақ халқының көрнекті өкілдерінің бірі – Мұхамеджан Сералин.
Қостанай облысы Қарабалық ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген. Троицкідегі медреседе оқып, Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген. Табиғатынан дарынды, аналитикалық ойлау қабілеті, қоғамдағы барлық оқиғаларға өз көзқарасы бар тұлға болған.
Мұхамеджан Сералин патша әкімшілігінің көптеген ұйымдарына барып, «Айқап» журналын шығаруға рұқсат сұрайды. Ол – алғашқы қазақ журналының редакторы әрі басқарушысы, қазақстандық журналистикада ірі жетістіктерімен өз қолтаңбасын қалдырған жан. 1911-1915 жылдары Троицкіде «Айқап» журналын шығарды. 1919-1920 жылдары – «Ұшқын» газетінің қызметкері. 1921-1922 жылдары – Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы. 1922-1923 жылдары – Қостанай губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1923-1926 жылдары – «Ауыл» газетінің редакторы қызметтерін атқарған.
Мұхамеджан Сералиннің жерленген жері – Қарабалық ауданы Өрнек ауылы маңы.