Меню

Страницы

Статья

Сарытүбек ауылы (Ахмет Байтұрсыновтың туған жері)

Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Қостанай облысы Торғай атырабындағы Сарытүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі  Байтұрсын Шошақұлы шаңырағында 1873 жылы дүниеге келген.

Жангелдин ауданы Ақкөл ауылына жақын тұста, бұрынғы іргетасы үстіне өңделмеген кірпіш қаланып қалпына келтірілген Ахмет Байтұрсыновтың өмірге келген үйі бар. Сонымен қатар  әулетінің  үлкен қорымы бар. Осы жерде Ахметтің әкесі Байтұрсын, ағалары Қали мен Машен жерленген.

Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала. Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзі ашық адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891жылдары – Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқыды.

1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытты. 1905 жылы жер мәселесі, қазақтың өз жерін өзіне қайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болды. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907, 1909 жылдары абақтыға қамалды. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылды. Халықтың ой санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А. Крылов мысалдарын аударып, «Қырық мысал» жинағын шығарды. Қазақ поэзиясындаөзіндік жаңалық, әкелген «Маса» жинағы А.Байтұрсынұлының ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізе білді. 1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатұлымен бірге «Қазақ» газетін шығарды. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде ол бірнеше рет түрмеге де жабылды.

Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1937 жылы  саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз атылды.

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы