Меню

Страницы

Статья

Қобызшы Тілеп Аспантайұлының жерленген жері

Тілеп Аспантайұлы (1757-1820) Торғайдың маңайында дүниеге келген. 13 жасында ол қобызда ойнай бастады. Қазақтың музыка өнеріне зор үлес қосқан ол халық арасында халық емшісі, көріпкел ретінде де танымал болды.

Тілеп –  атақты бақсы Қойлыбайдан бата алған жан. «Бақсы» күйі пайда болған туралы аңыз Несіпбек Айтұлының «Тілеп пен Сарықыз» поэмасында жазылып, сонымен қатар Тілеп атты жас жігіттің айрықша тағдыры туралы осы аттас драма құрылған. Иен далада тұңғыш рет бақсыны кездестірген Тілеп сиқырлы қобыз үнінің адам жанын емдеп жазған құдіреттілігінің куәсі болады. Сөйтіп, бақсымен және оның қызы Сарықызбен бірге қалып, қобыз тартуды үйренуге бел байлайды. Сол арқылы өзі де адамдар жүрегіне жақсылық сыйлауға ұмтылады. Әкесі Аспантай әскерімен туған жерін тастап кетпек болғанда, шешімін өзгертпей, қарт бақсының өнерін меңгеруге тырысады. Арада жылдар өтіп, Тілеп пен Сарықыздың арасындағы бала күнгі достық нағыз махаббатқа айналады. Жігіт те өз бетінше ем-дом жасайтындай дәрежеге жетіп, ұстазынан жеке бөлініп шығады. Бірін-бірі қимай қоштасқан қос ғашық ұзақ уақыт бірін-бірі көре алмайды. Тілеп әкесімен бірге алыс жолға аттанады.  Үлкен шайқастардың бірінде Қараңғылық күштері жеңіп, Жарық әскері жеңіледі. Бақсы қаза табады. Жігіт әскерлерді қобыздың үнімен жандандырып, оларға қайта күш-қуат береді. Содан кейін жетім қалған Сарықызды іздеуе шығады. Сүйіктісімен мәңгі бірге болғысы келеді. Өкінішке қарай, зұлым күштер бозбала мен бойжеткенді екі айырады. Жалғыз қалған Тілеп тек қана қобыздың әуенімен жұбанады.

Қобызшы Тілеп Аспантайұлының жерленген жері –  Жангелдин ауданы Қарасу ауылдық округі Шоқыркөл ауылынан 12 шақырым жерде.

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы