Меню

Страницы

Статья

Батыр Маңдай Байдәулетұлының жерленген жері

Батыр Маңдай Байдәулетұлы Мендіқара ауданына қарасты Алқау ауылында жерленген.

Еліміздің егемендігі, жеріміздің тәуелсіздігі үшін күрескен Абылай ханның құрдасы, қолбасшысы, қазақтың Қостанай өңірінен шыққан хас батыры Маңдай жерленген жер де қасиетті орын саналады. Маңдай  батыр  бауыры Деріпсалды екеуі Аңырақай шайқасында жоңғардың қабырғасын күйретіп, он жеті туын жойып, жеңіске жеткізуге үлкен үлес қосқан. Сол ерлігі үшін Абылайхан өзіне тартып, дос болып, Тобыл өзенінің бойындағы «Құтты алабын» сыйлыққа берген. Тәттіқара жыраудың «Қамыстың басы майда, түбі сайда» деп басталатын жырындағы «Деріпсәлі, Маңдайды айт қыпшақтағы» деген Маңдай батыр осы кісі.

Маңдай батыр, екі иығына екі адам мінердей кең, қарулы әрі екі алақаны  күректей  жалпақ  жан болған. Батыр 93 жасында дүние салады (1803 жылы). «Батыр өмірден өтерден  үш-төрт  жыл бұрын,  жас буын «Осы батырды тексерейікші» деп,  батырдың  он екі қанат киіз үйінің есігін қыл арқанмен орап-орап, тарс еткізіп жауып, дауылпаз қағып:  «Жау, жау, жау шапты»  деп ұрандатыпты. Ал есікті он шақты жігіт итеріп тұрыпты. Сонда  батыр атып тұрып, есікті етігімен бір тепкенде есік быт-шыт ұшып кетеді, әлгі жігіттер де қалпақтай түседі. Батыр атына мініп «Жау қайда?» десе, жігіттер тым-тырақай қаша жөнеліпті. Батыр қуып жүріп сыбағаларын берген екен» – дейді Қиқым қария.

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы