Меню

Страницы

Статья

Ақмешіт мешіті

Қостанай қаласы Әл-Фараби даңғылы мен Абай көшесінің бұрышында орналасқан.

Мұсылмандар мешітінің ғимараты XIX ғасырдың соңындағы Қостанай қаласындағы діни сәулеттің ескерткіші болып табылады. Мешіт 1893 жылы жергілікті тұрғындардың қайырымдылық есебінен салынған.

Мешіт композициясындағы негізгі көлемі ғибадат залы, тік бұрышты екі қатарлы терезелері бар, яғни екі қатарлы терезе арқылы жарықтандырылады. Қазіргі уақытта әр қабаттың жабындысы бар. Мешіттің алғашқы ішкі көрінісі сақталмаған.  Мешіттің интерьері филармонияға лайықталып  толығымен өзгертілген. Бірақ ғимарат жаңартылса да, жеке сәулеттік ерекшелігін сақтап қалған.  Мешіт кесектастан қаланған іргетасқа күйдірілген кірпіштен салынған, кейінірек сыланды.

Жаңа мешітке негізгі қаржы бөлуші белгілі көпес ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Троицкідегі «Ағайынды Яушевтер» сауда үйінің өкілі Абдулвали Ахмедханович Яушев болды. Екі қабатты мешіттің жартылай дөңгелек шығыңқы жері мұсылмандарды намаз оқуға шақыратын биік мұнарасымен аяқталады. Биіктігі 6 метр болатын мешіт ғимараты екі қабатқа бөлінген. Киіз төселген төменгі қабатта – кедей мұсылмандар, қабырғалары мен едені бар және кілем төселген жоғарғы қабатта жергілікті ақсүйектер намаз оқыған.

Кеңес үкіметі кезінде мешіт клуб ретінде қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары ғимаратта эвакопункт, соғыстан кейін мұнда ЖККТ (жас көрермендер кинотеатры) орналасты. Кейіннен ғимарат облыстық филармонияның концерт залы болып қайта салынды. 1991 жылдан бастап 2016 жылға дейін бұл ғимаратта мешіт ретінде пайдаланылды.

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы