
Сатыбалды ишан (1826 -1898) барша ғұмырын дінді насихаттауға арнаған ғұлама адам болған. Торғай уезіндегі Қайдауыл болысының Шомаң Қарасуы мекенінде дүниеге келген. Бала күнінде түс көріп,окуға баратынын айтады.
Әке-шешесінен жастай айрылса да, апасы Мұғалиманың арқасында ауыл молдасынан сауатын ашып, асырап алған әкесі Шомақтың рұқсатымен Тәшкенттегі медресеге түсіп, діни оқу оқиды. Баланы ынталы оқушы ретінде Бұқараға Көкілташ медресесіне оқуға жібереді. Он төрт жыл табанды оқып, құранды жетік меңгеріп, Орта Азия мұсылман кеңесінің алдында емтиханды үздік тапсырып шығып, «Ишан» атағын алған. 1862 жылы Мекке – Мәдинаға қажылыққа барып үлкен беделге ие болады. Дін жолындағы ғұламалығы барша өңірге, оның ішінде Қазақстанға, өзінің Торғай өлкесіне де жетеді. Оны естіген Торғай билеушісі Сүлеймен төре елге шақыртып алып, ол елді имандылыққа бастайды, мешіт, медресе салдырып жастарды дін исламға тәрбиелейді.Торғай өлкесіндегі бас діни басшы болды.
Торғай өлкесінде ислам дінін таратуға, халыкты имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, тазалыққа тәрбиелеуде Сатыбалды ишанның еңбегі өте зор болған. Қайтыс болғаннан кейін әулие атанған.
Сатыбалды ишан Ғабдоллаұлы (лақап аты – Қыпшақ ишан) кесенесі екі күмбезді. Халық оны «Сатыбалды ишан тамы» немесе «Файзолла ишан мазары» деп атайды.
Кесене екі күмбезді. Халық оны «Сатыбалды ишан тамы» немесе «Файзолла ишан мазары» деп атайды.