Меню

Страницы

Статья

Түркібай әулие Ақпанұлы жерленген жер

Түркібай әулие Ақпанұлы Наурызым ауданы, Қарамеңдіден Өлеңді ауылына қарай баратын тас жолдың бойында жерленген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген және емші ретінде аты шыққан. Қайтыс боларда Түркібай ата «Менің күшім  200 жыл сақталады» деген екен. Әулие Түркібай ата бейітінің басына барған әрбір адам дініне қарамастан жол бойындағы белгіге немесе бейіт басына тас қойып, құран бағыштап, тілек тілейді.

Құдайбердінің шөбересі Түркібай бабамыз бүкіл дүйім елге әйгілі, аты аңызға айналған әулие адам болған. «Арғында бар Түркібай» делініп қазақ бақсыларының көшбасшысы, рухани таянышы болған. Түркібай бабамыз 1759 жылы дүниеге келіп, 1832 жылы дүниеден өткен. 40 жасында әруақ қонып, пері жұмсайтын керемет күшімен, ғажайып іс-әрекетімен жұртшылыққа танымал болған. Әкесі Ақанның да Алла берген ерен қасиеті бар, көз нұры өткір, қиядағыны шалатын қырағы адам болыпты. 30-40 шақырымдағы құбылыстарды еркін көріп отырған. Анасының есімі Үкі. Әз әулие Тастемірдің қызы.

Түркібай атамыздың әулиелігі, даңқы алты Алашқа шарықтап тарап кеткен. Атамыздың мінезі жұмсақ, көпшіл, мейірімді, дініне берік, тақуа адам болған. Кез – келген адамның бетін қайтармаған. Адасқан адамдарды тура жолға салған. Қиналған жандарға өзіндік көмегін аямаған. Бойына дарыған қасиетін көпшілікке арнап, талай жандардың алғысын алған.

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы