Меню

Страницы

Статья

Қоянақ әулие Жолшарақызының кесенесі

Қоянақ әулие Жолшарақызы –   бітім – болмысы ерекше, өнегесі халық жадында жатталған ел анасы.

Әкесі Жолшара, атасы Тастемір де атағы жер жарған әз әулие атанған жандар. Қоянақ әжемізге Алла тарапынан берілген айрықша қасиет өз әкесі Жолшара әулиеден дарыған. Алла берген ұлы қасиетіне тәнті болған ұрпақтары дертке қуат қылып, талай жылдар басына түнеп-жатып, Ұлы жаратушының жарылқауынан үміт ететін. Дертіне дауа, науқасына шипа тілеп, зарығып барған талайлар дерттерінен айығып, рухтары саламаттанып, ойлағаны болып, діттегеніне жетіп, көзайым болып оралатын. Қаншама жылдар өтіп, ұрпақтар ауысып жатса да,  ел  анасы  Қоянақ  әулиенің басына барушы жамағат легі толастамады, рухына демеу іздеп жабыққандар әр қиырдан ат сабылтып келулерін тоқтатпады. Осындай құрметке бөленген, дүниеден озса да ұрпақтарын киелі рухымен аялап, жабыққанды жұбатып, тарыққанды демеп, дерттілерге – дәру, мұңайғанға қуат бола білген рухы шалқар, аруағы асқақ Қоянақ әже Жолшарақызы ел анасы болып, бауырынан рулы ел өрбіген, өсіп өнген, асқарлы – шақарлы әулеттің мейірбан да қамқор әжесі ретінде де халық ілтипатына иеленген.

Текті ата, ару ананың бүгінгі көзі тірі ұрпақтары әже рухын қастерлеп, басына кесене  орнатып, құлпытас тұрғызып, азаматқа тән өнегелі де жан сүйсінерлік  өрелі ісімен ерекшеленді.

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы