
Жангелдин ауданындағы қасиетті орындардың бірі – Баймырза әулие Мергенұлының кесенесі. Бұл тарихи ескерткіш Жангелдин ауданының Қалам-Қарасу ауылдық округінің аумағында.
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте он үш жасынан бастап ерлігімен көзге түсіп, кейін қол бастаған батыр болған. Әкесі Мерген батыр болжаушылық және түрлі жүйке ауруына ұшырған сырқаттарды емдеу қасиеті болғандықтан халық Баймырза батырды көзі тірі кездің өзінде «Баймырза әулие» деп атап кеткен. Баймырза Мергенұлы іргелес Ресейдегі Е.Пугачев көтерлісіне де жан-жақты қолдау көрсетіп отырған. Тарихшы Е.Бекмаханов Баймырза мен Пугачевтің хат алысып, хабарласып тұрғандарын жазады. Бұл дерек Баймырза әулиенің Ресей үкіметінің отаршылдық саясатына наразы болып, қарсылық көрсеткенін дәлелдейді.
Ел арасында «Баймырзаның сабасындай берекелі екен» деген сөз де сақталған. Оның мәнісі Баймырза асып жатқан бай кісі болмаса да, дастарханы жиналмайтын, үйінен адам арылмайтын қонақжай адам болған. Баймырза әулиенің басына орнатылған белгі қазіргі уақытқа дейін жақсы сақталып, халық зиярат ететін қасиетті орынға айналған. Кеңес үкіметі кезеңінде де халық бұл қасиетті орынға келуді тоқтатпаған.