Меню

Страницы

Статья

Қазыбай әулие Ақпанұлы жерленген жері

Қазыбай әулие Ақпанұлы зираты Жангелді ауданы Аралбай ауылында орналасқан.

Қазыбай Ақпанұлы – әулиелігімен, данышпандығымен арғын-қыпышаққа аты шыққан жандардың бірі. Ол шамамен ХVІІ ғасырдың соңғы  ширегінде  өмір сүрген. Тарихшы Қойшығара Салғараның жазуы бойынша, Қазыбай бабамыз осы Торғай өңірінде, қазіргі Аққұм жерінде 1664 жылы дүниеге келіп, 78 жасында бақилық болған. Әулие  жол бойындағы   Баян – Таңат  жерінде дүниеден өтеді, сол жер кейін Қазыбай қорымы аталып кеткен.

Қазыбайдан  он бір ұрпақ тарап, бүгінде бір қауым елге айналған. Ол – ел қамқоры, болашақты болжағыш ақылман, әулие болған білікті жан. Оның бұл қасиетін мына бір жайттан да байқауға болады: Бір жолы көш Баян-Таңат руы ауылының үстінен өтіп бара жатқанда, Қазыбай сырқаттанып, көшін тоқтатуға бұйрық береді. Туыстарын жиғызып: «Мен бір-екі күнде дүние саламын. Сүйегімді осы жерге қойыңдар» дейді. Туыстары «Бұнысы несі?» деп абдырап қалады, «Сіз – атақ-абыройы бар кісісіз. Ал, мына қорымда бүкіл маңайға әйгілі Әулие қыз жерленген. Ертең атыңыз аталмай қалады ғой» депті шыр-пыр боп туыстары. Сонда терең тыныстап алып Қазыбай: «Оған уайым жеп қайтесіңдер! Кімнің әулиелігі басым болса, соның аты аталады» депті. Ақыры сол қорым «Қазыбай қорымы» аталып, сол жерге Алладан тілек тілеп келген науқас адамдар түнеп, ауруынан айығатын болыпты. Тіпті топалаң, қарасан тиіп, індетпен келген малды да осы қорымда аластапты.

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы