Меню

Страницы

Статья

Ыбырай Алтынсарин кесенесі

Ыбырай Алтынсарин  (шын аты – Ибраһим, 1841-1889) – қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин  қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектептің қалыптасуында терең із қалдырды. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Қостанай ауданы Арқарағай ауылы.

Осы өңірде Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. Әкесінен ерте айырылған ол атасының – белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып-білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезде шығыстанушы ғалым В.В.Григорьевпен жақын таныс болған.

Ыбырай жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол тұңғыш халық мектебін ашты,  қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырды  («Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар») Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына  мән берді. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауылшаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп – интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына  өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы  оқушыны  отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.

Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі қоғамдық – саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге, дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның әсіресе, көркем еңбектері, прозалық әңгімелері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті. Орынбордағы орыс жағрапиялық қоғамының толық құқықты мүшесі болды. Осы қоғамның тапсырмасы бойынша қазақ этнографиясы жөнінде баяндамалар мен мақалалар дайындап басылымға шығарды.

Кесене – Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) моласы орнындағы ескерткіш. Ескерткіш Тобыл өзенінің оң жағалауында Қостанай қаласынан 7 км жерде орналасқан. 1960 жылы сол ұлы педагог жерленген жерге құлпытас орнатылды. 1991 жылы Ы.Алтынсариннің 150 жылдығына орай ескі ескерткіштің орнына алаңы 1,5 га болатын кесене тұрғызылды. Кесене қызыл кірпіштен қаланды, төбесі күмбез түрінде қаңылтырдан жасалды. Ішінде «Ы. Алтынсарин (1841-1889)» деген жазуы бар қара мәрмәр тастан тұғыр орналасқан.

Балғожа бидің немересі Ыбырайға жазған хатында көкірек көзі ашылып, санасы оянған қазақ халқы үшін рухани даму жолында текті жас балалардан үміт күткен өсиеті айқын көрінеді.

Үміт еткен көзімнің нұры, балам,
Жаныңа жәрдем берсін құдайтағалам.
…Ата-анаңды өнер білсең асырарсын,
Надан болып білмей қалсаң аһ ұрарсын.

Оқыған қазақ балалары өз ұлтының сенімін ақтады. Рухани жаңғыру әр заман үшін аса маңызды.

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы