Меню

Страницы

Статья

Амангелді Имановтың жерленген жері

Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873-1919) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылы ұлт – азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі.

Амангелді  Иманов 1873 жылы 3 сәуірде Терісбұлақ деген жерде, бұрынғы Торғай уезінің Қайдауыл болысында (қазіргі Қостанай облысы Амангелді ауданы) дүниеге келген. Амангелді 12 жасқа дейін ауыл мектебінде оқыды. Содан кейін 4 жыл түрік, парсы және араб тілдерін меңгерген медреседе оқыды. А. Иманов ұлт-азаттық қызметке келгенге дейін төрт тілді білетін және орыс тілінен сауатты, өте білімді болды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің саяси маңызы бар, оған қатысқан сарбаздардың саны 50 мың адам болды. Амангелді сарбардары  27 күн бойы Торғай қаласын қоршауға алды. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан революциясына дейін жалғасты.

1917 жылғы қазанда  және 1918 жылғы қаңтарда  Амангелді Торғайда және Торғай облысында Кеңес үкіметін орнатуға белсене араласты. Торғай уезінің әскери комиссары болды. Торғайда Кеңес өкіметі таратылғаннан кейін (20 сәуір 1919) Амангелді тұтқынға алынып, ату жазасына кесілді. Мәйіті бір жылдан кейін әуелі Алакөлге, кейін аудан орталығына әкелініп жерленді. Батырдың ескерткіші Амангелді ауданы Амангелді ауылындағы «Шұғыла» жастар орталығы ғимаратының алдындағы алаңда орналасқан. Амангелді Иманов батыл көзқараспен, басын мақтанышпен тік көтерген, сол қолында қылышы бар, ал оң қолы кеуде тұсында жартылай бүгілген қалыпта бейнеленген. Мүсін мәрмәр тақталармен қапталған тік бұрышты тастұғырға орнатылған. Тастұғырдың жоғарғы жағында «Амангелді Иманов 1873-1919» деп ойылып жазылған жазу бар. Тастұғырдың төменгі бөлігі трапеция пішіндес. Ескерткіштің айналасы сәндік металл қоршаумен қоршалған, ескерткіштің алдында араб тілінде жазуы бар гранит тас орнатылған. Ескерткіштің айналасы көркейтілген, тастар төселген.

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы