
Торғай облысының аумағындағы геоглифтер Google бағдарламасының ғарыштық түсірілімінің көмегімен 2007 жылы ғарыштық түсірілімдерді зерделеу нәтижесінде табылды. 2007 – 2009 жылдары барлығы 10 геоглиф қарастырылды. Қазірде Қостанай облысының аумағында орналасқан геоглифтердің бірнеше түрлері белгілі: төрттаған (Үштоғай төрттағаны); свастика (Торғай трикветрі ); Екідің кресі, Ащытасты крестер.
Ежелгі свастика көптеген халықтарда кездеседі, культтық рәсімдерде крест-айқыш күйінде пайдаланылған, әуелде күнге табынудан шыққан, күн қозғалысының бағытын бейнелейтін күн символы. Ол – Үндістан мен Иран, Скандинавияда табылған, былайша, арий аталған халықтар тұтынған игілік пен молшылық, береке нышаны. Үштоғай төрттағаны Қостанай облысы Амангелді ауданының Үштоғай кентінің шығысына қарай 15 шақырым жерде орналасқан, қиғаш сызықты белгісі бар, төрттаған айшығы тәрізді. Торғай трикветрі Қостанай облысы Аманкелді ауданы Амангелді кентінен оңтүстік – шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан. Геоглиф диаметрі 94 м болатын үш сәулелі трикветрі нысанында жасалған үйінді тәрізді. Әрбір сәуле ұшы сағат тіліне қарсы иілген ирек тәрізді пішінмен аяқталады. Трикветрдің оң жағында диаметрлері 15-тен 33 метрге дейін әр түрлі болып келетін аласа қорғандар түріндегі жеті үйінді орналасқан. Жеті – барлық көне дәстүрлерде киелі сан. Жеті шеңбердің Кіші Аю шоқжұлдызына ұқсас фигураны құрайтыны қызықты фактор болып табылады. Трикветрдің сол жағында орналасқан сусымалы желілер Полярлық жұлдызға ұмтылған айналып тұрған дөңгелектердің ізін көрсетіп тұрғандай. Егер трикветр, сызықтар және үйінділер шын мәнінде біртұтас ансамбль құрса, онда осы геоглифтің ұзындығы 512 метр болады. Осы ғимаратты қолда бар белгілеріне қарай кең диапазонда, қола дәуірінен орта ғасырға дейін пайда болған деп мерзімдеуге болады. Қолда бар деректерге сәйкес, қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі аралықта болған. Төрттаған ішіндегі алаңның жоғарғы жағы тегіс, көзбен қарағанда ешқандай іздер немесе құрылымдар байқалмайды, ал солтүстік-батыс жағында ортағасырлық керамикалардың сынықтары табылды, кейбір фрагменттер алаңның қалған бөліктерінде де кездеседі. Аталған нысанмен жұмыс жасаған кезде тарихи құжаттар, атап айтқанда, «1771 жылы капитан Николай Рычковтың Қырғыз-қайсақ даласына саяхатқа шығу кезінде жазба күнделігі» қолданылды. Н. Рычков Қырғыз-қайсақ даласына саяхат жасай жүріп, «бөтен үйінді мен шұңқыр бекітілген қалашық табылды. Ол қала Төртбұрышты сарай тәрізді салынған, барлық жақтарында тепе-тең үйінді кеңістігі бар. Шығыс жағында құлап жатқан бөлігі бар жер қақпасы және шұңқырлар көрінеді, яғни ол жердің ертеде салынғанын куәландырады. Объектілердің де құрылысы ортағасырлық дәуірге дейін салынған деп болжануда. Бұл объектілерді зерделеу Торғай даласындағы көне мекендеушілердің өмірі туралы материалдық та, рухани да жаңа ақпараттар береді.