
Арқайым мекені – «Қалалар елі» атауына ие болған, б.з.д. III – II мыңжылдықтарда салынған, қола дәуіріне жататын монументалды қорғаныс қабырғалары бар қала – бекініс. «Қамысты» бекіністі қонысы – Қазақстан аумағындағы 4 мың жылдық тарихы бар жалғыз көне қоныс.Табиғи-географиялық жағынан келсек, бұл – Жайық пен Тобылдың сол жағалауларының арасы. Қос өзеннің ортасында орын тепкен, шөбі құнарлы өңір «Қалалар елі» атанған көне өркениеттің негізі болып саналады. Ғалымдар қазақстандық Арқайымды тарихи-мәдени мұрамыздағы бірегей құбылыс деп есептейді.
Қазақстандық Арқайым біздің заманымызға дейінгі III – II мыңжылдықтағы Қазақстан аумағындағы ежелгі үнді-еуропалық тайпалардың байырғы қалалық мәдениетін көрсететін бірден-бір ескерткіш болып табылады. Қалада екі қорғаныс білігі, шұңқыр, шаршы, дауылдың канализация жүйесі, шеңбер сияқты орналасқан іргелес тұрған үйлер болған. Бұл жерден адамдардың іздерін сонау тас ғасырынан бастап байқауға болады. Ежелге қирандылар маңында өткізген түннің көптеген ауруларды емдей алатындығына сеніп, бұл жердің кереметі бар деп санаған жергілікті тұрғындар ауруларды емдеу үшін сол жерге барған.

Аэрофототүсірілім мәліметі бойынша, Қамысты – қазақстандық Арқайымы ресейлік Арқайымнан үлкен. Екеуінің арақашықтығы жүз километрден аспайды. Бастапқыда ескерткішті 1990 жылы жазда В.Н. Логвин басқарған Торғай археологиялық экспедициясы анықтап, оған «Комаровка-12 елді мекені» деген атау береді. Аумағында алты тұрғын үйдің шұңқырлары байқалып, ескерткіш бетінен керамика мен сүйектер жиналып алынды. Табылған заттар қола дәуіріне жатады.
1995 жылы қонысты Н.В. Левит 1956 жылғы аэрофотосуретті талдау барысында анықтады. Оны зерттеуді 1996 жылғы далалық маусымда археологтар Г.Б.Зданович және И.М. Батанин қолға алды. Бұл кезде ескерткіш толығымен жойылды десе де болғандай еді. Тек солтүстік қорғаныс қабырғасының кішкене бөлігі мен осы қабырғаға іргелес жатқан тұрғын үйдің бір ойығы және оңтүстік бөлігіндегі кейінгі үш ойық қана аман қалған екен. Беткі жағында байырғы қалалық мәдениеттің көптеген қалдықтары (керамика, тас және сүйек өнімдері, жануарлар сүйектерінің фрагменттері) табылды. Аэротүсірілім фотосуреттерін жан-жақты талдау барысында бұл аумаққа елдің бір емес, бірнеше рет қоныстанғандығын дәлелдейтін артына көптеген іздер қалдырған күрделі кешенді ескерткіш екені анықталды.
Кейіннен ескерткішті Г.Б. Зданович үнді-иран тайпалары негізін қалаған 20 бекініс елді мекенін біріктіретін «Қалалар еліне» Қамысты деген басқа атаумен (Қамысты-Аят өзенінің жағасында орналасқан) енді.