Меню

Страницы

Статья

Барақ Жанұзақұлы (Қарабалуанұлы) кесенесі

Барақ Жанұзақұлы (Қабалуанұлы) шамамен ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда, яғни 1696, кейбір деректерде 1722 жылы, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Алдияр ауылында туған. Өлген жылы белгісіз.

Әкесі Жанұзақ Қарабалуан есімімен мәшһүр болған түйе балуан. Барақ Жанұзақұлы 1740—1758 жылдары қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан азат ету жолындағы Ордабасы жиынына, Бұланты, Аңырақай шайқасына қатысқан. Барақты Бұқар жырау өз жырында батырлар санатында атайды. Барақ  Қарабалуанұлы Абылай ханның қасында болып, хан сенімін ақтаған.

Батырлығымен қатар емшілік, көрегендік қасиеттерімен де халыққа кең танылған. Аттан құлап, белін, аяқ-қолын сындырған адамдардың сүйектерін орнына салып, теріге, киізге орап тез жазады екен.

Барақты халық қара күштің иесі деп таныған. Шайқастарда Барақ батыр қолбасшылық, тапқырлық, айлакерлік талантымен көзге түседі, тікелей өзі ұрысқа кіріп, найзамен орыс казактарын бір соққаннан ер-тоқымынан домалатып түсірген. Сол кездерден бастап Барақ батыр туралы аңыздар тарала бастайды.

«Емельян Пугачев қозғалысына қатысушылары патша әскерінен жеңіліп, қаша қалғанда, бұл қалың топ қазақ жеріне өтіп кетсе, артынан патшаның жазалаушы отряды қуады, яғни Ресей мен ресейліктердің арасында қырғын соғыс қазақ жерінде болады»  деп Абылайхан даналықпен болжаған. Осы келеңсіз жағдайды болдырмау мақсатымен Абылайхан Ресеймен шекарадағы бекіністерді қорғап қалуға екі топ сарбаздарды жібереді. Бір топты Шақшақ Жәнібек тарханның ұлы Дәуітбай тархан, екінші топтағы саны 2000 сарбазды Карабалуанның баласы Барақ батыр басқарады. Абылай ханның түпкі ойын бірінші түсінген Барақ батыр қазақ жері арасындағы бекіністерді қорғап, қазақ  жеріне соғыс өртінің шықпауын қамтамасыз етті. Осы маңызды тапсырманы орындап келгені үшін Абылайхан Бараққа өте риза болып: «Өзің батыр, өзің әулие екенсің ғой. Сені ел емші – батыр, бақсы – батыр деуші еді. Мен «Әулие – батыр» деп айтамын», – депті.

Барақ батыр 93 жасында дүниеден озған. Ұрпақтарына өсиет етіп «мені алып бара алсаңдар, Түркістанға Ахмет Иассауидің кесенесіне әкемнің жанына жерлерсіңдер, егер алып бара алмасаңдар өз жерімнің шекарасына қойыңдар, ұрпақтарыма қорған болып жатармын»,- деген екен.

Екі ғасырдан артық уақыт бойы бүкіл Солтүстік, Орталық Қазақстан және Ресейдің бізбен шекарадағы облыстарынан қазақтар, жалпы мұсылман қауымы әдейі келіп, Сарыкөл ауданы  аймағында орналасқан Барақ батырдың зиратының басына түнеп, құрбан шалып, құран оқытады.

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы