Меню

Страницы

Статья

Жәуке Назарғұлұлы кесенесі

Жәуке   Назарғұлұлы (1822-1904) – бүгінгі Қостанай облысы Амангелді ауданы Ақшығанақ қонысында дүниеге келген. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы күрескен батыр. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының төлек руынан шыққан.

Ол Ресей империясының отаршылдық саясаты мен озбырлығына қарсы қазақ ханы Кенесары Қасымовтың көтерілісіне 1838 жылдан кейін қосылып, Ақмола бекінісін басып алуда ерекше көзге түскен. Жәуке батырдың басқаруымен әскери сарбаздары бекініске алғашқылардың бірі болып кірген. Кейінен Ақтау, Ор бекіністерін басып алған. 1842 жылы Иман мен Жәуке батырлардың табандылығымен сенімділігі арқасында Кенесары Қасымұлы Торғай жағалауында қыстап шығады. Кейіннен Кенесары ханның ордасы осы жерге көшіріледі.

Кенесары сарбаздарының отаршылдармен Өлкейек өзенінің бойындағы Толыбай, Балапан мекендеріндегі қақтығыстарында, Ресей үкіметінің жандайшабы Ахмет Жантөриннің отрядына қарсы 1844 жылғы соғыста, Екатеринск станциясына шабуыл кезінде ерекше көзге түскен. Халық қамын ойлаған батыр қара қылды қақ жарған әділдігімен, ақыл-парасатымен де ел құрметіне бөленген. Арқалықта, туған жері Сарыторғай ауылында Төлек Жәуке батырға арналған ескерткіш бой көтерген. Қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін елін, халқын қорғаған батыр барлық саналы ғұмырын ел бірлігі үшін ат үстінде өткізген, сыртқы жаулардан елді қорғаған.

Белгілі тарихшы Ермұхан Бекмахановтың «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі» атты зерттеуінде Жәуке батырдың есімі аталып, жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» роман трилогиясында, ақын Нұрхан Ахметбековтің «Қарға» дастанында Жәуке батырдың көркем тұлғасы сенімді өрнектелген.

Туған жері Сарыторғай ауылында Жәуке батырдың ескерткіші, Амангелді ауданының орталығында Иман, Жәуке және Қошқар батырларға мемориалдық-композициялық ескерткіш қойылған. Амангелді ауданы орталығындағы бір көше Жәуке батырдың есімімен аталған.

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
05 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы