Меню

Страницы

Статья

А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайы

Қазақ ССР Министрлер Советінің № 1258-р Өкімімен 1969 жылы 9 желтоқсан күні ашылды. 1969 жылы  ауданымызда тұңғыш құрылған мұражайдың алғашқы директоры болып Құсайынов Тәшім тағайындалды.  Мұражай профилі бойынша мемориалдық болып саналады. Мұражай экспозициясы  1916-1917 ж.ж. болған ұлт-азаттық көтерілістің Сардары А.Иманов пен ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан батырдың үзеңгілес серіктері туралы, Торғай халқының ерлікке толы жорық жолдарын және бүгінгі батыр атындағы аудан тарихын баяндайды. 1916 жылғы Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі – А.Имановтың тұтынған бұйымдарымен,  ол туралы құжаттарды насихаттайтын ғылыми-ағарту мекемесі. Сондай-ақ мұражайда ауданның экономикалық, мәдени даму жолын көрсететін, аудан топырағынан шыққан еңбек және соғыс ардагерлерінің, көрнекті қоғам қайраткерлерінің өмірі және еңбектерімен таныстыратын Мұражайдың жалпы аумағы – 297,4 шаршы метрді құрайды  400 шаршы метр 5 экспозиция залы бар олар:  Мұражай холлы, Азаттық үшін алысқандар, Ұстахана макеті, Этнографиялық бөлімі, аудан тарихы. Ғимарат 2 қабаттан, 1 көпшілік іс-шаралар өткізілетін залдан және 5 экспозиция залы, 4 жұмыс кабинетінен және қор сақтау қоймасынан тұрады.

Мұражай жас ұрпақтың бойында ғылым мен білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін бірден-бір ғылыми мекеме. Мұражай ұжымының мақсаты өз өлкеміздегі игілікті істер және жалпы адамзаттық мәдени мұраның сабақтастығын сақтай отырып, аудан тарихына байланысты құжаттар мен заттай деректерді аудан мұражайына жинақтау арқылы халыққа насихаттау болып табылады.

 

Байланыс мәліметтері:

«А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайы» КММ

Басшы Абжанов Камшат Жарылгаповна

Мекен-жай: Амангелді ауданы Амангелді селосы, Майлин /14

Телефон: 871440 22065

Ресми сайт: http://amangeldymuseum.kz/kz/

Әлеуметтік желілер:

Instagram: #muzei.a.imanova

E-mail: muzei-a.imanova@mail.ru

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
26 сентября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы