Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейі 1991 жылы құрылған. Бастапқыда ол қалалық бюджетінен қаржыландырып, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің дербес бөлімі болып жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта музей қоры 22 мыңнан астам сақтау бірлігін құрайды.
Лисаков музейі жинақтамаларының негізін қала құраушы кәсіпорны - Лисаков кен-байыту комбинаты музейімен тапсырылған қорлары құрайды. Материалдарды Лисаков қаласындағы музейлік ісінің негізін қалаушы М. Ляпустина жинаған.
1992 жылы Лисаков некрополі мен мекенінде табылған қола дәуірі археологиялық жинақтамасының тапсырылуы басталған (қазбалардың авторы – Э.Р.Усманова, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жанындағы Сарыарқа археологиялық институты). Осы жинақтаманың бірегейлігі б.з.д. XVIII-XIII андронов тарихи – мәдени қауымдастығы мәдениеті заттық дүниесінің көлемді ұсынылуында. Солтүстік Қазақстанның көп этникалық халықтары мәдениетінің барлық байлығын көрсететін этнографиялық жинақтамасы археологиялық жинақтамасының жалғасы болған. Оның құрамы Лисаков аймағын мекендейтін қазақ, орыс, украин, неміс, татар және басқа этностардың мәдениетін көрсетеді.
1999 жылдан бастап Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейі дербес мәдениет мекемесі болып жұмыс істейді. 2000 жылы музей «Өркен» ЖШС тиесілі ғимаратынан «Улыбка» балабақшасындағы бос жайларға көшкен.
2001 жылдың тамыз айында музейдің жаңа экспозициясы ашылған. Экспозиция келесі залдардан құрылған – «Даланың ежелгі тарихы», «Дала Еуразия халықтарының мәдениет әлемі», «Дала қоймасы», «Лисаков қаласының тарихы».
2013 жылы Лисаков қаласының басшылығы мен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы бірлесіп музейдің Мир көшесі 32 мекен-жайы бойынша орналасқан Қалалық мәдениет және спорт орталығының ғимаратына көшуі жөнінде шешім қабылдаған. 2013 жылғы шілде айында музей қорлары мен музей мүлігі көлемі 427,1 ш.м. жаңа ғимаратқа көшірілді.
2015 жылдың 28 қаңтарында қала тұрғындары Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейінің көшуден кейінгі жаңартылған экспозицияны көрді.
Музей экспозициясы тұжырымдамасының авторлары: Э.Р.Усманова (Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жанындағы Сарыарқа археологиялық институты), Н.Жиляева, Ю.Буданова.
Сәулеттік-көркем жобаны Т.Досманова, Н.Иванина, Д.Ізбасаров, Ғ.Кенжібеков, А.Омаров (Қарағанды) жасаған. Музейлік экспозициясының құрылуы «Қарағанды суретшілер одағы» шығармашылық одағы» ЖШС-пен жасалған (жетекшісі – А.Қалмаханов). Экспозиция К.Алтынбеков, Г.Файзуллина (Алматы), А.Кушкумбаева (Астана), А. Сеитова, И.Шевнина (Қостанай), С.Боталова, Н.Иванова, В.Мосина, А.Таирова (Челябі), С.Кузьминых (Мәскеу), А. Нечвалоды (Уфа), Т.Крупаның (Харьков) қатысуымен құрылған. Ақпараттық киоскқа арналған мультимедиялық презентациясының авторы – Д.Ешкина. (Лисаков қ.)
Аймақтың Еуропа мен Азия шекарасында, көшпелі және отырықшылық-егіншілік тұрмыс салттарының түйіскен жерінде тиімді географиялық орналасуы, оны мәдени туризмнің дамуы мен белсенді аймақтық білімділік саясатты өткізу жағынан қызықты етеді. Экспозиция келесі залдардан тұрады: «Даланың ежелгі тарихы», «киелі бөлме», «Лисаковск. Экономика және қоғамдық өмір», «Қазақстан халықтарының дәстүрлі мәдениеті», көрме залы. Топографиялық сипаттамаларға және толық тақырыптық жоспарларға сәйкес көрмеге қойылған заттардың жалпы саны – 1800.
2000 жылы музейдің «Балалар мәдениет диалогында» жобасы «Мультимәдениет ортасындағы білім» бағдарламасы бойынша Сорос Қазақстан Қорының грантына ие болған. Соның нәтижесінде балаларға қазақ, орыс, украин, неміс халықтарының мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік беретін «Қазақстан халықтарының мәдениеті» деген бағдарламасы пайда болған.
2008 жылы «Атамекен» музейлік клубының «Колесо истории: вчера, сегодня, завтра» деп аталатын немістер тарихы бойынша зерттеу жұмыстары республикалық конкурсында жеңгені үшін «Балалар тарихты жазады» жобасы бойынша Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейіне «Атамекен» балалар клубының жазғы этнографиялық лагерін ұйымдастыру үшін Қазақстандағы Техникалық ынтымақтастығы бойынша Германия Қоғамы Өкілеттің (GTZGmbH) жүлделі гранты берілген.
«Үзілген жіп...?» - Лисаков музейінің жылжымалы көрмесі - «Орта Азияның музейлері» музейлік жобалар конкурсында грантқа ие болған (2008, конкурс ұйымдастырушы – «Дешт-и-Арт» қазіргі мәдениет орталығы; жоба «НIVОS» дамушы елдермен ынтымақтастықтың Нидерланды Гуманитарлық Институтымен қаржыландырылған).
2008 жылы Лисаков музейіне «Музей года Евразия - 2008» (Екатеринбург қ.) ІІІ Аймақаралық Қоғамдық ашық конкурсында «Музей ближнего зарубежья» номинациясы бойынша Алтын медаль берілген.
2011 жылы Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейі «Қола әліппесі немесе Андрония еліне саяхат» жобасын іске асыру үшін Дешт-и-Арт «Қоғамды дамыту лабораториясы» ҚБ грантына ие болған.
Музей қызметінің ең басты бағыты ғылыми-зерттеулік қызметі болып табылады. Қазақ халқының материалдық емес мұрасы, жергілікті оронимдар туралы аңыздар, неміс халқының тарихы мен мәдениетінің зерттелуі музейдің аймақтық ақпараттық ресурсын толықтырады. Халықаралық, республикалық ғылыми конференциялардың жинақтарында жарияланған мақалалар қызметкерлердің ғылыми қызметінің нәтижесі болып табылады.
Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы және мәдениеті музейі өлке тарихы туралы ақпарат ағынын біріктіретін орталық болуға ұмтылады. Осы мақсатта 2006-2015 жылдары музей жыл сайын «Отан неден басталады» атты аймақтық балалар өлкетану оқулары өткізілді. 2017, 2018, 2019 жылы Лисаков музейінде тарихшы-мамандар мен өлкетанушы-зерттеушілер үшін «Туған жер» аймақтық өлкетану оқулары өткізілді.
2014, 2017, 2018 жылы Лисаков музейі өлкетану зерттеулерінің жинағын шығарды. Жинақтар Германия мен Қазақстаннан өлкетанушы-зерттеушілердің, Қостанай облысының мемлекеттік архивінің, Денисов тарихи-өлкетану музейінің, Б. Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің мамандары ұсынған мақалалардан, Лисаков музейінің қызметкерлері ауыл майына жүргізген экспедициялар барысында жиналған материалдардан, байырғы жергілікті тұрғындарымен әңгімелесуден алынған деректі-дәйекті ақпараттардан тұрады.
2018 жылдың 4-5-ші тамыз күндері Лисаков музейінің базасында белгілі ресейлік және қазақстандық тарихшылар-қайта құрастырушылардың қатысуымен алғаш рет Халықаралық тарихи қайта қалпына келтірушілер фестивалі өтті.
Музейде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында біздің аймағымыздың мәдени мұрасына қолжетімділікті кеңейту үшін жаңа мүмкіншіліктер пайда болды. 2017 жылы Лисаков музейімен аудиогидтер сатып алынды. Енді музейге келушілер экспозицияларға қазақ және орыс тілдерінде аудиоэкскурсия жасай алады. Қала тарих залында ақпараттық киоск орнатылған. Музей қоры материалдары мен цифрлық фотолар архивінен экспозицияны толықтыратын мультимедиялық таныстыру дайындалды. Музей сабақтары мен іс-шаралар өткізілетін музей залына жоғары жылдамдықты интернетке қосылған.
2018, 2019, 2021, 2022, 2023 жылдары "Рухани қазына" республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейі түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз деп танылды. Нұр-сұлтан қаласында өткен "Рухани қазына-2019" республикалық байқауының қорытындысы бойынша музей Қазақстан Республикасының үздік аудандық (қалалық) музейі номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.
Жыл сайын музейге 30 мыңнан астам адам келіп, оның көшпелі, онлайн және офлайн іс-шараларына, бағдарламаларына қатысады. Музейде виртуалды 3D турлар бар, көрмелерді дайындау кезінде QR кодтары қолданылады.
Байланыс деректер:
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы» КММ
Мекеме туралы ереже
Басшы Ермагамбетова Шынар Ерденқызы
Лисаков қ, Мир көшесі, 32
Телефон: 8 (71433)38926
Ресми сайт: https://lisakovsk-museum.gov.kz/ru/
E-Mail: muzei_lis@mail.ru
Әлеуметтік желілер:
Facebook https://www.facebook.com/groups/1182707985096372/
Vkontakt – https://vk.com/id407941950