Меню

Страницы

Статья

Рудный тарихи-өлкетану мұражайы

Рудный тарихи-өлкетану музейі тұрақты экспозициялар, көрмелер, экскурсиялар, музей сабақтары арқылы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиесінде, этномәдени дамуында үлкен үлес атқаратын бірегей мәдени кеңістік болып табылады.

Музейдің құрылуы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, кәсіптік – техникалық білім беру үздігі, Рудный қаласының Құрметті азаматы, белгілі өлкетанушы, жазушы Иван Дьячковтың есімімен байланысты.

1983 жылдың 28 тамызында облыстық және қалалық қоғам өкілдерінің қатысуымен музей ашылды. Бұл облыс пен қаланың мәдени өміріндегі тамаша оқиға болды.

Жалпы ауданы – 993,6 ш.м., экспозициялық ауданы – 864 ш.м., қор ауданы – 30 ш.м. Музейдің стационарлық экспозициясы 9 залдан тұрады: «Алексеев мәдени кешені», «Этнография залы», «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы залы», «ССКБК және «ССКӨБ» АҚ тарихы», «Рудныйсоколовстрой» АҚ тарихы», «Рудный қаласының тарихы және дамуы», «Туған өлке табиғаты», «Голографиялық залы», «Көрме залы».

Экспозицияның мазмұны: жазбаша дереккөздер, мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер, буклеттер, музей және мемориалдық заттар.

Музей бүгінде – бұл ғасырлық дәстүрлерді сақтап, жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді, азаматтықты, өз қаласы мен елінің тағдырына жауапкершілік сезімін тәрбиелейтін ғылыми-зерттеу және мәдени-демалыс мекемесі.

Музей қызметінің бағыттары: материалдық және рухани мәдениет, табиғи тарих ескерткіштерін жинау және сақтау; музей коллекцияларын ғылыми зерттеу саласына тарту және жүйелеу; өлке тарихы мен табиғаты бойынша экспозициялар, көрмелер құру; өлкетану тақырыбы бойынша ғылыми-ағарту жұмыстарын жүзеге асыру.

Музейдің жалпы қоры: 30717 сақтау бірлігі. Есепке алу-сақтау қызметі бойынша жұмыстар жалғасуда. 10065 экспонат цифрландырылды. 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогына цифрлау жүргізілуде, 2992 (сақтау бірлігі) экспонат енгізілді.

Рудный музейі мәдени - білім беру орталығы болып қалады, оның негізгі қағидаттары музей технологиясының ғылыми, тарихи шынайылығы, қазіргі заманғы  және жаңашылдығы, келушілермен жұмыс істеу нысандары, іске асырылатын бағдарламалардың әлеуметтік және экономикалық тиімділігінің өзектілігі мен теңгерімі болып табылады.

Ғылыми-зерттеу  жұмыс істеудің негізі, музей қызметінің жетекші бағыттарының бірі болып табылады. Музей қызметкерлері «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қостанай облысының саяси қуғын - сүргін құрбандары туралы фактілерді зерттеуді ұйымдастыру» облыстық жобасына қатысты. Осы жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған кеншілер туралы материал зерттелді. Бұл жұмыстың нәтижесі «Естелік кітабы» басылымы болды.

 

 

«ССКӨБ» АҚ тарихы және қазіргі шағы», «Рудный қаласының денсаулық сақтау саласының даму тарихы», «Рудный қаласында мәдениеттің дамуы» тақырыптары бойынша зерттеулер жүргізілді. Қала мен комбинаттың алғашқы құрылысшылары, соғыс және еңбек ардагерлері, дәстүрлі тұрмыстық заттар мен этнография, сәндік-қолданбалы өнер туралы зерттеулер мен материалдар жинау біздің музей қорын жинақтау жөніндегі жұмыстың негізін құрайды.

Музейде жыл сайын «Отаным осы жерден басталады...» атты тарихи-өлкетану оқулары өтеді. Оқуға қатысушылар шеңбері - оқушылар, студенттер, педагогтар, мұрағат, музей қызметкерлері және ғылыми қызметі өлкетануды зерттеумен байланысты барлық адамдар. Оларды өткізудің басты мақсаты өлкетануды насихаттау, тәжірибе алмасу, туған өлкенің тарихын зерттеуге кең аудиторияны тарту болып табылады.

Музейдың баспа қызметі туған қаланың, аймақтың және республиканың тарихына назар аударуға мүмкіндік береді. «Қазақтың зергерлік бұйымдары», Қазақстан Республикасының құрметті мәдениет қайраткері И. Дьячковқа арналған «Журналист, ақын, зерттеуші», ҚР Құрметті құрылысшысы Б. Колотқа арналған «Аңыз боп туған адамдар», «Музей қорындағы кеңестік ашық хаттар» және т.б. каталогтары жасалды. «Отаным  осы жерден басталады...» атты жинақ шығарылды.

«Өткенге оралу» жобасы жас ұрпаққа өңіріміздің тарихымен, этнографиясымен, материалдық мәдениетімен танысуға көмектесетін іс-шаралар жүйесі болып табылады. Тақырыптық әңгімелесуден көрмелік қызметке дейінгі барлық іс-шаралар ерекше қызықты түрде өткізілді. Өлкетану бойынша іс-шараларды өткізудің интерактивті түрлері туған өлкесі туралы ең көп білім береді. Жобаның маңызды бағыттарының бірі «Рудненский рабочий» газетіндегі «Өлкетану» айдары болып табылады, онда музей қызметкерлері оқырмандарды тарихи - мәдени құндылығы бар рухани және материалдық мәдениет заттарымен таныстырады.

«Лига счастливых женщин» қоғамдық бірлестігімен бірлесе «Мен - кіші Отанымның патриотымын» жобасы іске асырылды. 30 интерактивті көшпелі экскурсия өткізілді, оның барысында балалар Алексеевка мәдени кешенін қоса Рудный қаласының тарихымен және ескерткіш орындарымен танысуға мүмкіндік алды.

Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде ардагерлердің, интернационалист-жауынгерлердің, Чернобыль АЭС апаттын жоюшылардың, концлагерьлердің бұрынғы тұтқындарының өміршен сөздері маңызды рөл атқарады. Әр түрлі тақырыптар бойынша ұрпақтар кездесулері, есте сақтау сеанстары, тарих сағаттары өткізілді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін мәдени мұраның маңызды бөлігі ретінде ұлттық қолданбалы өнер қайта жандана бастады. Рудный қаласының туған күніне орай жыл сайын «Сүйікті қалама арнаймын!» арт-бульвары ашылады, ол қазақ мәдениетінің қазіргі өмірге сәтті интеграциялануын, жастардың тарихи құндылықтарға деген қызығушылығын және халық қолөнершілерінің жұмысының сұлулығын көрсетеді.

         «Музейдегі түн» халықаралық акциясы Рудныйдың мәдени күнтізбесіндегі тартымды және күтілетін оқиға. Түнгі келушілердің назарына: көркем және филобутанистіка көрмелер, шебер фестиваль, «Дискілер айналады» ретро алаңы, аквагримм, музыкалық алаң, «Мен және музей бір толқында» селфи ұсынылды.

Рудный музейіне 40 жыл болды. Келушілердің назарына жаңа, қызықты көрмелер мен композициялар ұсынылды: «Леди совершенство» студиясы театрының «Жанданған мүсіндер», «Музейдің 40 жылдығына арналған 40 раритет», «Музейные и100рии».

Ақпараттық қолдауды келесі бұқаралық ақпарат құралдары жүзеге асырады:

24 kz телеарнасы, «Алау» ТРК, «Қазақстан – Қостанай» ТРК, «Рудный Даусы» ТРК, «ТВС» ТРК, «Рудненское цифровое телевидение»; «Казахстанская правда», «Костанайские новости», «Костанай-Агро», «Рудненский рабочий», «Магнетит», «Хорошее дело» газеттері.

Музейде Интернетке кіру мүмкіндігі бар: интернет-ресурс – http://rudmuz.kz/ (2016 жылдан бастап), әлеуметтік желілердегі аккаунттар: Одноклассники (https://ok.ru/profile/590456223252); Инстаграмм (https://www.instagram.com/rud_muz/ ); Рудный тарихи-өлкетану музейінің сайты.

 

Байланыс мәліметтері:

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Рудный тарихи-өлкетану мұражайы» КММ

Мекеме туралы ереже

Басшы Жұлмұхамбетова Айгүл Ержанқызы

Мекенжайы: Рудный қ., Франко к-сі 2 а

Байланыс телефоны: 8 (71431)9-47-63

Ресми сайт: http://rudmuz.kz/

Е-mail: rudmuz@mail.ru

Әлеуметтік желілер:

Одноклассники https://ok.ru/profile/590456223252

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
22 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы