«Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» облыстағы музейлер арасындағы жалғыз кешен. Кешеннің тарихы 2002 жылдан басталады. Кешенге 4 музей кіреді.
1.Әліби ТоғжанұлыЖангелдин тарихи –мемориалды мұражайы -1984 жылы ашылған;
12410 шаршы метр алаңы, қор қоймасының жері 22 кв. Жұмыс істеген жылдарында да музей ғылыми-іздестіру, зерттеу, мәдени-ағартушылық, әдістемелік, насихаттау жұмыспен айналысуда . Жалпы кешеннің қор саны- 5545 ( 2024 ж кіргенде). Кешеннің қызметкерлері музейден тыс жерлерге де көшпелі шаралар өткізеді. Музейлер мемлекет саясатын қалың бұқараға таратушы орындардын бірі , сол себепті президенттің жыл сайынғы жолдауын басымдылық беретін бағыттар, басқа да мемлекет құжаттарын насихаттайды. Кешеннің басты бағыттарының бірі өлкетану болып табылады. 2017 жылы президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жердің тарихын зерттеу басталды, өлкенің қасиетті жерлеріне де экскурсиялар жасап, экспедицияға шығады. Қорларды жинау, зерттеу, сақтау мақсатында музей процестерін цифрландыруға көңіл бөлінуде. Цифрлық нұсқаға түсіру бойынша: «Музеолог» бағдарламасы және реестрлау жобасы жұмыс істеуде. Музей мен музей жәдігерлерін насихаттауға арналған шаралар мемлекеттік мекемелер мен шығармашылық өкілдерімен тығыз байланыста өткізіледі. Мұражай кешенінің қонақтарының бас болып ЕлбасыН.Ә.Назарбаев, Вице-президент Е.М.Асанбаев, С.В.Терещенко, У.М.Сұлтанғазин, әртүрлі жылдары мемлекет , қоғам қайраткерлері :Әбіш Кекілбаев, Қуаныш Сұлтанов, Кенжеғали Сағадиев, Ғалым Байназаров, Қойшығара Салғарин, Фариза Оңғарсынова, Сапар Ысқақов, Төлен Әбдік болды. Музейге жастар тартуға көп көңіл бөлінеді, әртүрлі зияткерлік ойындар, семинар, форумдар өткізіледі. Ауданның ірі шаралары кешен қорынан алынып, фотосуреттермен безендіріледі. Кешен қорында тұлғалардың сирек кездесетін кітабы, тұтынған заттары, жеке автордың қолтаңбалары бар коллекциялары сақталған. Кешен БАҚ –пен белсенді қарым қатынаста, газет беттеріне мақалалар жарияланып, облыстық, республикалық телеарнаға сұхбат беріліп, бейнефильмдер түсіп тұрады. Кешен қызметкерлері облыстық, республикалық, халықаралық конференцияның мінбелерінде сөйлеп, жиындарға қатысып тұрады. Кешеннің ұйымдастыруымен 2017 2018 республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырды. Барлық конференция қатынасушылары мен қонақтары аталған шараның жоғары деңгейде өткендігін атап өтті. 2020 жылы елімізге төнген індет салдарынан музей жұмысы онлайн түрге көшіріліп, жалпы алғанда цифрландыруға көшірілді. Онлайн форматта жұмыс істеу барысында әлеуметтік желілерде ресми парақшалары ашылып, көрерменге жол тартты. Фейсбук, инстаграм, вконтакте, т.б әлеуметтік желілерде музей жұмыстары көрсетіле бастады. Осы жылы Алаш қайраткері М.Дулатұлының 135 жылдығына орай көрме жұмыстары ұйымдастырылып, Қазақстанның өзге қалаларына көрме шығарылды. 2021 жылы Ұстазы, ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай онлайн түрде бір жылдық цикл жүргізілді. Онда Ы.Алтынсарин туралы онлайн форматта көрме, фотосурет, лекция, семинар ұйымдастырды. 2022 жылы Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай кешенге қарасты Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейінің экспозициясы жаңартылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сол жылы ашылып, көрерменге жаңа лепте көрсете бастады. Осы жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай республикалық конференция ұйымдастырып, көрермен ықыласына ие болды. 2023 жылы Жангелдин ауданының 95 жылдық мерейтойына орай облыстық конференция ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Торғай қаласының 155 жылдығы, Шақшақ Жәнібек тарханның 330 жылдығы, Нұрхан Ахметбековтың 120 жылдығы, Қайнекей Жармағанбетовтың 105 жылдығы, Ғафу Қайырбековтың 95 жылдығы, Болат Хамзиннің 85 жылдық мерейтойлары атап өтіліп, олардың қордағы жәдігерлерінен онлайн және оффлайн түрде көрме ұйымдастырылды. 2024 жылы Ыбырай Алтынсарин ашқан Торғайдағы тұңғыш мектебіне 160 жыл толуына орай Торғайдағы тұңғыш мектеп акция цикл жүріп жатыр. Ол туралы лекция, музей сабақтары ұйымдастырылып, мектеп оқушалыран насихатталып жатыр. Жыл сайын кешенге көрермендер саны - 43521, іс-шараға -6723 адам қатысуда.
Байланыс мәліметтері:
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Торғайдың жангелдин мұражайлар кешені» КММ
Мекеме туралы ереже
Басшы Сәрсекей Гулбану Қулетқызы
Мекен жайы: Қостанай облысы Жангелдин ауданы Торғай ауылы, Алтынсарин к ,№ 14 үй
Телефон:8 (71439)21746
Ресми сайт: https://muzei-torgai.kz/
Е-mail: https://muzei-torgai.kz/
Facebook: https://www.facebook.com/
Instagram: https://www.instagram.com