Меню

Страницы

Статья

Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі

Тәуелсіз Қазақстанмен бірге алғашқы қадамдарын жасаған «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі» КММ қазақ мәдениеті тарихында ерекше орын алатын Ұлы педагог, ғұлама ағартушы, жазушы, қоғам қайраткері, жаңашыл ұстаз, публицист, ғалым-этнограф, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі, ақын және прозашы Ыбырай Алтынсариннің бай мұрасын дәріптейтін мәдени орталық.

Қазақ ССР мәдениет жөніндегі Мемкомитетінің 1989 жылғы 17-қарашадағы №261 бұйрығына сәйкес 1990 жылғы 1-қаңтардан бастап Қостанай қаласында облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ыбырай Алтынсаринге арналған мемориалдық бөлім ашылды.

Қостанай қаласында Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейін ашу туралы Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің 1991 жылғы 9 желтоқсанында №774 Қаулысы шықты. Осы жылы педагог-ағартушының туғанына 150 жыл толуына орай 1884 жылы Ы.Алтынсарин іргесін қалаған мектептің жанынан Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі бой көтерді.

Музей ғимараты 815,5 шаршы метрді алып жатыр және екі қабаттан тұрады, бір бөлігі Алтынсарин мектебінің көшірмесі тәрізді салынған. Жалпы көлемі 351,5 шаршы метрді құрайтын экспозициялық алаң 2 залдан тұрады.Экспозиция Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен педагогикалық, ғылыми, қоғамдық қызметі, шәкірттері мен ізбасарлары туралы бай деректерімен назар аудартады.

Музей негізі экспозициялар, тұрақты және уақытша көрмелер, сонымен қатар қордағы жәдігерлерден құрылады. Музей қорында 13 мыңнан астам экспонат бар.

Музей медиа-экранмен және екі тілде ақпарат беретін мультимедиялық жол көрсеткішпен жабдықталған. Музейдің http://altinsarin.kz/index.php/kz/ дербес сайтында жүргізіліп жатқан жұмыстар, алдағы уақытта болатын және өткізілген іс-шаралар туралы хабарлар салынып отырады. Жыл сайын музейді 50 мыңнан астам келушілер көреді.


 

Байланыс мәліметтері:

Басшы: Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы

Мекенжайы: Қостанай қ., Алтынсарин көшесі 118-А,

Телефон: 8 (7142) 54-58-17

Басшы: Оспанов Маргулан Бакытбекович

Ресми сайт: https://altynmuseum.kz/

E-mail: info@altinsarin.kz

Instagram: https://www.instagram.com/altynsarin_museum

Facebook: https://www.facebook.com/altinsarin.kz/ 

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
14 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы