Меню

Страницы

Статья

Арқалық қазақ жасөспірімдер театры

Арқалық қазақ жасөспірімдертеатрының тарихы 1972 жылы Серке Қожамқұлов атындағы Торғай облыстық сазды-драма театрынан бастау алады.Театрдың алғашқы әртістері Мәскеудегі Щепкин атындағы өнер училищесінің түлектері. (М.Әуезов «Айман-Шолпан» /комедия/ қоюшы режиссер Ж.Есенбеков).

Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімінің 19 қаңтардағы № 13 бұйрығының негізінде 2001 жылы 5 ақпанда«Арқалық қазақ жасөспірімдер көрермендерінің театры» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып құрылды. Аумағы - 2684,2 м2.

2001 жылы Петропавл қаласы, ІХ Республикалық театр фестивалінде (М. Әуезов «Айман-Шолпан» /комедия/ реж. Ж. Есенбеков) театр әртісі О. Қойбағаров «Ең үздік дебют» номинациясы бойынша лауреат атанды.

2004 жылы Қостанай қаласы, XII Республикалық театр фестивалінде Қ. Сәрсекеев «Мұңлық-Зарлық» /драма/, қоюшы-режиссеры Ә. Садықова мен қоюшы-суретшісі                   Е. Мергенов «Театр дебюті» номинациясы бойынша лауреат атанды.

2007 жылы театр Астана қаласында өткен «Алақай жазғы демалыс» атты Республикалық театр фестиваліне жолдама алып, Ә. Таразидің «Күнә» драмасы / реж. ҚР еңбек сіңірген әртісі Т. Рақышева/ үшін ҚР Мәдениет министрінің грамотасымен марапатталды.

2007 жылы Көкшетау қаласында өткен жазушы-драматург Ш. Хусайыновтың          100 жылдығына арналған Аймақтық фестивальде Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» /комедия, реж. Т. Рақышева/ Көкшетау қаласы әкімінің дипломымен марапатталды.

2012 жылы І. Омаровтың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінде «Өлең - сөздін патшасы сөз сарасы» /драма, реж. С. Тасеменова/ театр әртістері О. Нұрғали, Е. Бараков, Н. Байшин лауреат атанды.

2013 жылы театр Тараз қаласында өткен «Тұңғышбай әл-Тарази Таразға шақырады» атты І Республикалық фестивальге қатысып дипломмен марапатталды.

2017 жылы Жезқазған қаласында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Ж. Хаджиев атындағы І Аймақтық театрлар фестивалінде Б. Есеналиевтің «Қанды азу» драмасы /реж. Ә. Садыкова/, «Үкілі үміт» номинациясы бойынша лауреат атанды.

2018 жылы қоюшы-режиссер Ә. Садықова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.

2018 жылы театр әртісі Б. Ордабаева Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының «Театр өнері» номинациясы бойынша лауреат атанды.

2019 жылы қоюшы-режиссер Ә. Садықова Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының «Театр өнері» номинациясы бойынша лауреат атанды.

Труппа құрамында ҚР Мәдениет қайраткерлері төсбелгісінің иегерлері, театр фестивальдерінің лауреаттары қызмет етеді.

Театрдың arkalyk-teatr.kz ресми сайтында театрдың жұмысы, қойылымдары туралы ақпарат көрініс табады.

Театр репертуарында қазақ әдебиетінің классикасы, отандық, қазіргі заман әдебиетінің озық үлгілері негізінде қойылған 95 қойылым бар, оның ішінде 38 драма,               6 трагедия, 13 комедия, 38 ертегі. Театрдың жылдық көреремендер саны жыл сайын өсуде.


 

Байланыс мәліметтері:

«Қостанай облыстық мәдениет басқармасының Арқалық қазақ жасөспірімдер театры» КМҚК

Басшы Терек Рауан Абуллажанұлы

Мекен – жайы: Арқалық қаласы, Ш.Жәнібек көшесі, 86

Телефон: 8 (71430) 7 00 08, 7 03 22

Ресми сайт: arkalyk-teatr.kz

Е – mail: teatr_49@mail.Ru

Инстаграм: teatr_arkalyk

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
12 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы