1986 жылдың 31 желтоқсанында А. Садовскийдің «Машенька» спектаклімен Қостанай қаласында қуыршақ театры ашылды. Бұл спектакль театрдың тарихында маңызды бастама болып табылады.
1999 жылы Қостанай облыстық қуыршақ театры М. Горький атындағы облыстық орыс драма театрымен біріктірілді. Қазақстандағы жалғыз, жанры мен ерекшелігі мүлдем өзгеше екі шығармашылық ұжымның бірегей одағы Қостанай облыстық драма және қуыршақ театры мәртебесін алды.
2012 жылғы 27 ақпанда Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» № 112 қаулысы қабылданып «Облыстық қуыршақ театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды. Сол жылы 28 мамырда Қостанай облысы әкімдігінің «Облыстық коммуналдық мүлікті беру туралы» № 255 қаулысымен «Қостанай облыстық мәдениет сарайы» МКҚК теңгерімінен Перронная, 20 көшесіндегі үш қабатты ғимаратты «Облыстық қуыршақ театры» КМҚК теңгеріміне беру туралы шешім қабылданды. Қуыршақ театры 126 орындық көрермендер залы, көркем, конструкторлық, костюм шеберханалары, дайындық залы және екі киіну бөлмесі бар жеке ғимаратқа ие болды.
Шығармашылық жағынан қойылатын спектакльдер өзгеріссіз қалды, олар орыс, қазақ және ең үздік шетел драматургиясының шығармалары бойынша қойылады. «Приключения Алдара Косе» (А. Салаева), «Ястребок» (И, Я. Златопольские), «Песню пой, моя домбра!» (А. Қарасай), «Ты, я и кукольник» (Х. Юрковский), «Истории Пожара Тушилыча» (Ю. Семенова), «Легенда о белой горе» (Б. Парманов) және тағы басқа спектакльдер балаларға ұнап, оларды қуантып келеді. Қазіргі уақытта театр репертуарында 50-ден астам спектакль бар. Заманауи көрерменнің талғамына, дүниетанымы мен сұранысына сай, театр репертуары әр маусымда жаңа қойылымдармен толықтырылады.
Әр жылдары театр ұжымы түрлі деңгейдегі қуыршақ театрларының фестивальдерінде біздің облысымызды және елімізді танытып, бірқатар мәртебелі дипломдар мен марапаттарына ие болып, қуыршақ өнерінің дамуына үлес қосуда:
2013 жылы театрда алғаш рет қазақ тілінде спектакль қойылды. Ол – «Нужно быть нужным» (Д. Кусаинов, Х. Булибеков) спектаклі болды. 2019 жылы І. Омаров атындағы облыстық қазақ драма театр актерлерінің қатысуымен Г. Ландаудың пьесасы бойынша «Ку - ка - ре-ку» спектаклі қазақ тілінде қойылды. 2020 жылы Эрнест Хемингуэйдің повесі негізінде жоғары сынып оқушылары мен ересектерге арналған «Старик и море» спектаклі қойылды. Спектакльді қою үшін Алматы қаласынан режиссёр Д. Жұмабаева және қоюшы-суретші Ю. Чернова шақырылды. 2021-2022 жылдары театр репертуары ересектерге арналған тағы екі жарқын қойылыммен толықты: А.С. Пушкиннің повесі бойынша «Пиковая дама» спектаклі (режиссёр А. Зайцев) және А.П. Чеховтың пьесасы бойынша «Предложение» спектаклі (режиссёр Ю. Семенова).
Қуыршақ театры өзінің аз ғана тарихында өңірдегі театр өнерін насихаттау мен дамытуда елеулі табыстарға қол жеткізді. Театр көп гастрольге шығады, қайырымдылықпен айналысады. Көрермендердің бірнеше буыны қуыршақ театрының қойылымдарын тамашалап өсті. Театр ұжымы заман ағымына ілесіп, өз шеберлігін шыңдауда, жұмыстың сан алуан түрі мен әдістерін қолданып, оны жетілдіріп, жаңасын енгізіп, жұмыс жасауда.
Байланыс ақпараты:
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының
«Облыстық қуыршақтар театры» КМҚК
Басшы Альгожин Толенды Олжабаевич
Мекенжайы: Қостанай қ., Перронная көш., 20
Анықтама телефондары:
Касса: 8 (7142) 90-11-39
Әкімші: 8 (7142) 90-10-29
Қабылдау бөлмесі: 8 (7142) 53-64-03
E-mail: teatrkukolkst@mail.kz
E-mail: kost.pupet@mail.ru
Ресми сайт: http://www.teatrkukol-kst.kz
Әлеуметтік желілер:
Instagram: https://www.instagram.com/teatr.kukol.kostanay/
VK: https://vk.com/teatr.kukol.kostanay
YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCzEZh_wQeVYbh0ZUesdv-6w