Меню

Страницы

Статья

Облыстық орыс драма театры

Қостанайда алғашқы стационарлық театрдың ашылуы 1922 жылдың сәуір айында өтті. Бұған дейін Қостанайда спектакльдерді өткізу орны Халық үйі және қаланың жетекші мекемелері – реалды училище, әйелдер гимназиясы болатын. 1922-1923 жылдардағы мұрағаттық құжаттарда Қостанайда театр болғаны, бірақ тұрақты труппа болмағаны айтылады. Тек 1937 жылы театр труппасы қайта құрылды, нәтижесінде репертуары тек орыс тілінде біртекті актерлер құрамы қалыптасты.

Театр өзінің барлық жылдарында тек орыс қана емес, сонымен бірге әлемдік және ұлттық мәдениеттің қамқоршысы, насихаттаушысы, орталығы болып табылады. Театр ТМД елдерінің басқа театрларының режиссерларымен белсенді жұмыс істейді. Театр спектакльдерінің жоғары кәсіби деңгейі республикалық және халықаралық фестивальдердегі жеңістермен бірнеше рет расталды.

1995 жылы Жезқазған қаласында өткен Абайдың 150 жылдығына арналған IV Республикалық театр фестивалінде М.Әуезовтің шығармасы негізінде қойылған «Абай» спектаклі 1-орынға ие болды. 1999 жылы Қарағандыда өткен VII театр фестивалінде А. Дударевтің «Сумерки» спектаклі 1-орынды, П. Шеффердің Павлодардағы Х театр фестивалінде 2002 жылы көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алды, Астанада өткен XV театр фестивалінде 2007 жылы М. Ладоның «Очень простая история» спектаклі «За лучшую постановку и освещение проблем молодежи на сцене» сыйлығымен, ал Т. Әбдіковтың «Нас было трое» спектаклі Қарағандыда XVII театр фестивалінде «За лучшее освоение современной казахской драматургии» дипломын алды (2009). Театр Ресейдің Челябі қаласында өтетін «CHELoВЕК ТЕАТРА» шағын формадағы спектакльдер зертханасы-театрлық халықаралық фестивальге бірнеше рет қатысып, лауреат атанды.

2015, 2017 және 2019 жылдары театрдың Израильге гастрольдері өтті, оның қорытындысы бойынша театр «Театральный дивертисмент» фестивалінің лауреаты дипломымен марапатталды және Израиль театр фестиваліне тұрақты ангажемент алды.

2016 жылы «Мост дружбы» халықаралық фестиваліне қатыстық (Йошкар-Ола, РФ, Марий Эл Республикасы). Фестиваль қорытындысы бойынша театр «Верность традициям русского психологического театра» және «Лучшая эпизодическая роль» номинациясында екі дипломмен марапатталды.

2019 жылдың тамызында театр Қазақстан Республикасының (Қостанай) этникалық театрларының V республикалық фестиваліне қатысып, «Панночка» спектаклін ұсынды. Фестиваль қорытындысы бойынша Олег Смирнов «За лучшую мужскую роль второго плана» номинациясын алды, театр «Лучшая сценография» номинациясын жеңіп алды.

2019 жылдың наурыз айында театр «Женитьба Бальзаминова» спектаклін ұсына отырып, Саран қаласында (Мордовия) өткен «Соотечественники» фестиваліне қатысқаны үшін фестиваль лауреаты дипломын және мәдениет министрінің грамотасын алды.

2021 жылы Б. Швайгердің «Одного кто знает?!» пьеса желісімен   Д. Жумабаеваның моноспектаклімен театр бес фестивальдің дипломанты атанды.

  1. «Монокль» халықаралық моноспектакль фестивалі, Санкт-Петербург. РФ.
  2. «Он, он, Они» атты халықаралық жеке қойылымдар фестивалі, Екатеринбург, РФ.
  3. «Арммоно» халықаралық моноспектакльдер фестивалі, Ереван, Армения.
  4. «Solo» Мәскеу халықаралық моноспектакльдер фестивалі, Мәскеу, РФ
  5. «СВОЙ» ашық театр фестивалі, Екатеринбург, РФ

2022 жылы Д. Жумабаеваның «Одного кто знает?» тағы бір халықаралық театр фестиваліне «Островский FEST» («Лучшая режиссерская работа» және «Лучшая женская роль» номинациялары) қатысты.

2023 жылы театр келесі фестивальдерге қатысты:

  1. «CHELоВЕК ТЕАТРА»шағын формадағы Халықаралық театр фестивалі (Челябі, РФ). Спектакль - «Красавица в трауре» (реж. Р. Кияков).
  2. «Арммоно» халықаралық моно-спектакльдер фестивалі (Ереван, Армения). Спектакль - «Одного кто знает?!» (реж. Д. Жумабаева).
  3. «Камерата» драма театрларының халықаралық фестиваль-байқауы (Челябі, РФ). Спектакль- «Руки у нас холодные» (реж. Е. Тикиджи-Хамбурьян) Фестиваль қорытындысы бойынша театр актер Сергей Щербининге «екінші пландағы үздік ер адам рөлі» номинациясын алды.

Бүгінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Антонина Олейникова, Раиса Полухина, Валентина Битюкова, Любовь Ромадина өз дарыны мен шеберлігін жас буынға жеткізуде. Театрдың жетекші әртістері Наталья Дедюх, Олег Смирнов, Анна Удесиани, Юлия Кудряшова, Ольга Муляк, Виталий Одинец, сондай-ақ Сергей Щербинин, Руслан Бушинский, Ольга Котова, Татьяна Захарченко және т. б. көптеген талантты актерлер қостанайлық көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Егер репертуар туралы айтатын болсақ, театр сахнасында заманауи пьесалармен қатар («Ходят слухи», «Кукла для невесты», «Сирена и Виктория», «Примадонны», «Неугомонный дух», «Вышел ангел из тумана» және басқалар), классикалық драматургияға негізделген пьесалар да табысты көрсетілуде («Леди Макбет Мценского уезда», «Учитель танцев», «Дядюшкин сон», «Панночка», «Женитьба Фигаро», «Женитьба Бальзаминова», «Руки у нас холодные», «Невольница»). Театр эксперименттерден қорықпайды, мәселен «Двенадцатая ночь, или что угодно» комедиясын атап өтуге болады (реж. Яков Рубин, Волгда), «Панночку» (реж. А.Лиопа), бас режиссер Дина Жумабаеваның қойылымдары: Ш.Айтматовтың романы бойынша «Плаха» драма-астарлы әңгіме, «Федра» неоклассикасы).


 

Байланыс деректері:

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық орыс драма театры» КМҚК

Басшы Ивлев Юрий Иванович

Мекенжайы: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 191 үй

Телефон: 8 (7142) 544277 қабылдау бөлмесі

Ресми сайт: kostanaydrama.kz

E-mail: info@kostanaydrama.kz 

Инстаграм: kostanaydramteatr

Дата публикации
05 января 2020
Дата обновления
22 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы