Меню

Страницы

Статья

Облыстық қөркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық қөркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі –ОКХШКО) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қарашадағы             № 494 Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық қөркемөнерпаздардың халық шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы» қаулысына сәйкес қайта аталды.

Кәсіпорын басшысы: Қалқаев Дәмер Елтайұлы.

Кәсіпорынның негізгі міндеті халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаттары Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін жаңғырту, сақтау дамыту және тарату және мәдени құндылықтарды пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тартуға бағытталған шараларды қабылдау болып табылады.

Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

  • халық шығармашылығын және дәстүрлерін сақтау, насихаттау, оларды қазіргі тарихи және әлеуметтік жағдайларға бейімдеу;
  • Қазақстан Республикасында аталатын мерекелерді, концерттерді, өлең және би мерекелерін, презентацияларды, фестивальдерді, байқауларды, айтыстарды, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыру;
  • практикалық, ақпараттық-әдістемелік жұмыстар ұйымдастыру;
  • шығармашылық кездесу, шеберлік сағаттарын өткізу;
  • мәдени-демалу қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені оқып білу, жинақтау, көпшілікке тарату, оны енгізу және тарату;
  • облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелер, байқаулар, фестивальдерге қатысу арқылы үздік халық шығармашылығы ұжымдарын насихаттау; 
  • ұлттық мәдениетті сақтауға және дамытуға бағытталған мәдени-демалыс қызметі саласында, түрлі мәдени акциялар, бастамалар, инновациялық жобаларды және бағдарламаларды қолдау;
  • кинобейнеқордың, бейнематериалдардың сақталуын қамтамасыз ету.

Кәсіпорын құрылымы:

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы» 5 бөлімнен тұрады:

  1. әкімшілік персонал;
  2. мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру және халық шығармашылығы бөлімі;
  3. медиа-сүйемелдеу бөлімі;
  4. мониторинг, талдау және әдістемелік жұмыс бөлімі;
  5. шаруашылық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі.

Орталықтың жүзеге асырылып келе жатқан жобалары:

  • Қостанай облысының мәдени-демалыс орталықтарына арналған «Зерделеу» жобасы;
  • «Халық мұрасы» жобасы облыстық «Қазақстан-Qostanai» телеарнасымен бірлесіп (мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде, УОР);
  • «Dala fest» шығармашылық марафоны;
  • Қостанай облыстық композиторлар одағы» қоғамдық бірлестігімен жоба;
  • «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалымен жоба;
  • Тәжірибе алмасу бойынша жоба.

Және облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізеді:

Облыстық:

  • «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты көркемөнерпаздар халық шығармашылығының облыстық байқау-фестивалі;
  • «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы;
  • «Ғасырлар пернесі» қазақ ұлт аспаптар ансамбльдерінің фестивалі;
  • Ұлттық домбыра күні аясында өткізілетін «КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА!» облыстық домбырашылар байқауы.

Республикалық:

  • Жазушы-сатирик, ғалым-этнограф Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» әзіл-сықақ театрларының республикалық фестивалі;
  • Нұржан Наушабайұлы атындағы «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен...» республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылар фестивалі;
  • Республикалық айтыс.

Халықаралық:

  • Халықаралық «Наурыз достарын  шақырады»  би өнерінің  фестивалі.

Бөлім әлеуметтік желілерде ОКХШКО жұмысын жариялаудан басқа мынадай жұмыстарды жүзеге асырады: Қостанай облысы Мәдениет үйлерінің ақпараттық порталын әкімшілік қолдау және дамыту әлеуметтік желілерде облыс мәдениетінің маңызды оқиғаларын медиа-сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. www.ocsnt.kz  ақпараттық порталында және әлеуметтік желілері:

2019 жылдан бастап облыстың барлық мәдени өмірі жарық көретін «Шабыт қанатында» тоқсан сайынғы журналының материалдарын жинаумен, редакциялаумен және шығарумен айналысады. Жыл сайын журналдың 4 нөмірі шығарылады.


Байланыс мәліметтері:

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық қөркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК.

Басшы Қалқаев Дамир Елтайұлы

Мекен-жай: Қостанай қаласы, Лермонтов к-сі, 15 үй

Телефон: 8(7142)56-24-28

Ресми сайт: ocsnt.kz Қостанай облысы мәдениет үйлерінің ақпараттық порталы Facebook, Instagram, ОК, ВКонтакте, МойМир, YouTube арнасы сияқты 6 танымал әлеуметтік желілерден, көптеген блоктардан, бөліктерден және бөлімдерден тұрады.

E.mail 1@ocsnt.kz

Дата публикации
04 января 2020
Дата обновления
22 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы