Меню

Страницы

Статья

Арқалық қаласындағы № 2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы – облыс және қаладағы ірі кітапханаларының бірі, аймақтағы мәдени, білім беру, ақпараттық және әдістемелік орталық.

Кітапхананың тарихы Арқалық қаласының тарихымен тығыз байланысты. Арқалықтың дамуына 1970 жылы 23 қарашада Торғай облысының құрылуы және Арқалық қаласына облыс орталығы мәртебесін беру үлкен серпіліс берді. Торғай облысының мәдениет басқармасының шешімі бойынша 1971 жылы 27 қаңтарда Арқалық қаласында облыстық кітапхана, 1971 жылы 28 қаңтар күні облыстық балалар кітапханасы ашылды. 1979 жылы 19 қазан күні Торғай облыстық жасөспірімдер кітапханасы ашылды.

Торғай облысы қайта құру кезеңінен үш рет өтті, (1988 ж. 2 маусымы, 1990 ж. 25 қазаны, 1997 ж. 22 сәуірі) онымен қоса кітапханалар да қайта құрылды. Бүгінгі күнгі Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы 1997  жылы 14 шілде күні бұрынғы Торғай облысының  кітапханалары негізінде құрылды. 2001 жылдан бастап Абай даңғылындағы 62 үйде бұрынғы төрт облыстық кітапханалар біріктіріліп, бүгінгі күні осы ғимараттың оң жағын мекендейді.

Кітапхананың кітап қоры әмбебап, бүгінгі күні  2277830 дана басылымнан құралған рухани байлық әлеуметтік дағдарыс жылдарында  да сақталып қалды. Қордың дамуы бүгінгі күннің талабына сай, сонымен қатар оқырмандардың  сұранысына орай қазақстандық басылымдармен, оның ішінде, бірінші кезекте мемлекеттік тілдегі басылымдармен толықтырылады. Кітапхана қызметінде мемлекеттік бағдарламалар және жалпыұлттық идеяларды қолдауға бағытталған көпшілік мәдени іс-шаралардың орны ерекше. Олар азаматтық сананы, қазақстандық  патриотизмді, адамгершілікті  және салауатты өмір салтын қалыптастыруды, оқырмандардың ұлтаралық толеранттылығын көздейді. Әмбебап кітапхана болғандықтан, іс-шаралар оқырмандардың барлық тобымен өткізіледі. Дегенімен, көпшілік іс-шаралардын дені жастар арасында және мемлекеттік  тілде өткізіледі.

Облыстық кітапханаға Торғай өңірінен шыққан ақын-жазушылар, белгілі қайраткерлер келіп тұрады. Олар: Қойшығара Салғарин, Төлен Әбдіков, Сәбит Досанов, Әбжан Әбілтай, Нағашыбай Мұқатов және т. б. Кітапхана қабырғасында Тұрсын Жұртбай, Айтбай Мұздаханов, Анар Мұздаханова, Қалибек Деріпсалдин, Аманкелді Кеңшілікұлы, Айбек Қалиев, Абай атындағы мемлекеттік театр әртістері Меруерт Өтекешова, Бақтияр Қожа, Ғазиза Әбдінабиева және т. б. қатысуымен іс-шаралар өткен.

Өлкетану – кітапхананың басым бағыты. Торғай елінен талай даңқты қолбасшы, айтулы қоғам  қайраткерлері, есімі әлемге  әйгілі ақын-жазушылар, ғылым-білімге  үлесін қосқан атақты ғалымдар шыққаны баршаға мәлім. Осы орайда кітап қорын цифрландыру дәуірінде, Торғай аймағы бойынша толықмәтінді мәліметтер базасын құрастыру мақсатында кітапхана «Текті  Торғай» жобасы аясында жұмыс жасайды. Кітапхана қызметі «Әдеби әлем» (Торғай өңірі авторларының шығармаларын насихаттау), «Әділет жолы» (құқықтық мәдениетке тәрбиелеу), «Өлке топжарғандары» (өнер майталмандары), «Аялы алақан» (мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс), « BiblioPlus» (жылжымалы және әдебиет тарату пункттерінің жұмысы), «Жас талант», «Руханият», «Жас қалам», «Шебер қолдар», «Бізге 50+» клуб жұмыстары арқылы көрініс тауып келеді.

Арқалық қаласындағы № 2 ОӘҒК – аймақтағы Амангелді, Жангелдин, Арқалық орталықтандырылған кітапхана жүйелері үшін әдістемелік орталық болып табылады. Жыл сайын аймақтағы кітапханашыларға арнап 3 аймақтық зерделі кеңес және оқыту-үйрету сабақтары мемлекеттік тілде өткізіледі. Атап өтсек, соңғы жылдары  «Қоғамдағы кітап пен оқу мәдениетін қалыптастырудағы балалар кітапханасының рөлі»,   «Заманауи кітапхананың жаңа келбеті», «Кітапханалардағы жоба жұмыстарының дамуы». тақырыптарында аймақтық зерделі кеңестер өтті. Аймақтағы кітапханашыларға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында жүйелі түрде іс-сапарларға жасалуда, мемлекеттік тілде әдістемелік және библиографиялық құралдар шығарылады.  

Кітапхананың ресми сайты  www.arkalyk-ounb2.kz жұмыс жасайды. Кітапхана сайтында және «Facebook», «Инстаграмм», «Вконтакте» әлеуметтік желілерінде кітапхананың жұмысы туралы ақпараттар, тұсаукесерлер, фотосуреттер және бейнематериалдар жарияланып тұрады.

Кітапхана жыл сайын 15 мың оқырмандарға қызмет көрсетеді, ал кітап беру саны  350 мың дана әдебиетті құрайды.


 

Байланыс мәліметтері:

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ

Басшы.: Алматова Сәуле Ахметқызы

Ресми сайт:  http://arkalyk-ounb2.kz/

Мекен жайы: Арқалық қ. Абай даңғ. 62 үй.

E-mail: arkounb2@mail.kz

Әлеуметтік желілер:

Блог: http://arkounb2.blogspot.com

Фейсбук: https://www.facebook.com/profile.php?id=100028660081304

Инстаграм: https://www.instagram.com/ark.avt/

Дата публикации
04 января 2020
Дата обновления
26 сентября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы