Меню

Страницы

Статья

Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы – облыстың ірі ақпараттық және мәдени орталығы.

Кітапхана тарихы 1894 жылы қалалық қоғамдық басқармаға тиесілі бірінші көпшілік кітапхананың ашылуынан басталады. 1937 жылдың қаңтарында Қостанай облысының құрылуына байланысты кітапханаға облыстық кітапхана мәртебесі берілді. 1949 жылы орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстойдың 120 жылдық құрметіне кітапханаға оның есімі берілді. Оған жазушының Торғай губерниясының Қостанай уезінің шаруаларымен хат алысуы себеп болды. 1979 ж. шілдесінде кітапхана қаланың орталығынан арнайы тұрғызылған үлгілік ғимаратқа көшірілді және әлі күнге осы жерде жұмыс істеп келеді. Оның  алаңы – 6092,6  шаршы метр, кітап қоймасының сыйымдылығы –  500 000 том, оқырмандарға арналған орыны – 370 орындық. 

Жұмыс істеген жылдарының барлығында кітапхана кітап пен кітап оқуды насихаттаумен айналысып келеді. Кітапханамыздың кітап қорының  жалпы саны 491 649 данадан астам (2023 ж.). Олардың көпшілік бөлігін оқырмандар қызмет көрсету бөлімдерінен үйлеріне ала алады. Қызмет көрсетуден басқа кітапхананың әр бөлімінде кітаптар мен мерзімді басылымдардың көрмелері безендіріледі. Кітапхана ішінде және кітапханадан тыс жерлерде түрлі тақырыпқа арналған көшпелі шаралар өткізіледі.

Кітапханалар әлеуметтік институт ретінде мемлекет саясатын қалың бұқараға таратушы болып табылады, сол себепті Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын жолдауында басымдылық берілетін бағыттар, сондай-ақ басқа да мемлекеттің маңызды құжаттары жұмыстың басты бағдары болып табылады.

Кітапхана жұмысының маңызды бағыттарының бірі өлкетану болып табылады. Сол себепті 2017 жылы Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өлкетану әдебиеттері бөлімі құрылды. 

«Қостанай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қосу арқылы «Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ қайта ұйымдастырылуына байланысты Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК-да 2021 жылдың 01 қаңтарынан бастап жаңа Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі ашылды.

Қорларды сақтау және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында кітапхана процестерін цифрландыруға көп көңіл бөлінеді. Цифрлық нұсқаға түсіру бойынша екі жоба: «Облыс кітапханалары – өлке тарихының тамыршысы» (Қостанай облысының ретро газеттерін цифрлық нұсқаға көшіру) және «Қостанай облысы: тарих, адамдар, оқиғалар» (өлкетану қорының толық мәтінді деректер базасын жасау) жобасы жұмыс істейді.

Кітапхана қабырғасында тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша тегін курстар өткізіледі. Кітапхананың http://www.kstounb.kz/ ресми сайтында кітапхананың барлық жұмысы: өткізілетін және өткізілген шаралар туралы ақпарат, толық мәтінді деректер базасы, жаңадан түскен кітаптар туралы ақпарат, электронды каталогқа қол жеткізу, кітаптарды онлайн ұзарту, Виртуалды анықтама қызметі және Құжаттарды электронды жеткізу қызметтері көрініс табады.

Кітап пен кітап оқуды насихаттауға арналған шаралар мемлекеттік мекемелермен және шығармашылық өкілдерімен (жазушылар, суретшілер, әртістер) тығыз байланыста өткізіледі. Кітапханада түрлі жылдары Сара Назарбаева, Әбіш Кекілбаев, Шыңғыс Айтматов, Иван Щеголихин, Морис Симашко және басқалар қонақ болды. Жастарды тартуға көп көңіл бөлінеді, төрт әдеби-пікірталас клубы: «Ақ қауырсын», «Ковчег», «PrataMartis» және «Крылья», сондай-ақ үш әуесқойлар клубы:  «Время английского», «Встреча друзей» (вокалды-музыкалық клуб), «Дода» (үстел ойындарын сүйетіндер үшін) жұмыс істейді.

Өңіріміздің ірі шаралары кітапхананың қорынан алынып безендірілетін кітап көрмелерімен сүйемелденеді.

Кітапханада сирек кездесетін кітаптар мұражайы бар, онда көне құнды басылымдар, өлке тарихы туралы кітаптар, авторлардың қолтаңбалары бар коллекциялар сақталған.

2021 жылдан бастап «Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық»,   «Кітап және қаламгер», «Bookspace» және «Облыс тынысы»,  «ПРОчтения» және «Бір кітаптың портреті» (мерейгер кітаптардың шығу тарихы) онлайн жобалары іске қосылды.

Кітапхана БАҚ-мен белсенді ынтымақтастық орнатқан, іс-шаралар мен көрмелер туралы баспасөз бетінде мақалалар беріледі, кітапхананың қызметкерлері өңірлік телеарналарда жиі қонақ болып тұрады.      

Кітапханамыз облыстың барлық кітапханалары үшін әдістемелік орталық болып табылады. Ауылдық, аудандық, қалалық кітапханалардың және мектеп кітапханаларының кітапханашыларына арналған оқыту сабақтары мен тренингтер, семинарлар, шеберлік сыныптары өткізіледі. Облыстық кітапхананың қызметкерлері республикалық және халықаралық деңгейдегі конференциялар мен жиындарға жиі қатысып отырады. 2017 жылы Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Мемлекеттік кітапханалардың қоғамның дамуына қосар үлесі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Барлық конференцияға қатысушылар мен қонақтар аталған шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтісті.

2018 жылы «Қостанай облысының кітапханалары күндері» ұзақ мерзімді кәсіби жобасы іске қосылды. Оның мақсаты қалалық және аудандық ОКЖ жұмыс тәжірибесімен танысу, Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларының жұмысындағы инновациялық жұмыс түрлерін анықтау, кітапханалар мен кітаптың, кітап оқудың рөлін арттыру болып табылады.

Өзара тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру және кітапхана қауымдастығының кәсіби шеберлігін дамыту, кітапханашы мамандығының мәртебесін көтеру мақсатында 2018 жылы Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Қостанай облысы жас кітапханашыларының жиынын» өткізді. Шараға өңірдің барлық түпкірінен 35 жасқа дейінгі кітапханашылар жиналды. 2020 жылы онлайн режімде ІІ «Қостанай облысы жас кітапханашыларының жиыны» өтті, ІІІ жиын 2022 жылы өтті.

2019 жылы «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ мен Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК «“Ұлы даланың жеті қыры”: Қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың рөлі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференцияның барлық қатысушылары мұндай шаралар өзара тәжірибе алмасуға, кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге, жұмыстың жаңа әдістері мен жолдарын іздестіруге, кітапханалардың қоғамдағы рөлін нығайтуға ықпал етеді деген пікірге келді.

2021 жылы онлайн режімінде «Кітапханадағы келелі іс: Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК басшылары мерейтойларының аясындағы III Дәулетова оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Дәулетова оқулары кітапханашы мамандығының қоғамдағы рөлі мен беделін арттыру және Қазақ КСР еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасын ұзақ жылдар басқарған жерлесіміз Нәзира Қожахметқызы Дәулетованың ғылыми мұрасын дәріптеу мақсатында 2014 жылы бекітілген болатын. Ғылыми-практикалық конференцияға облыстың және қаланың барлық жүйелері мен ведомстволары кітапханаларының мамандары,  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының басшысы, Ресейлік (Екатеринбург, Орынбор, Челябі), Украиналық (Хмельницкий) әріптестеріміз, Қазақстан Республикасының  ғылыми қоғамдастығының өкілдері қатысты.

2022 жылы Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы және Л.Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кітап палатасының (Алматы қ.), «Фолиант» (Нұр-Сұлтан қ.), «Атамұра» (Алматы қ.), «Qasym баспа үйі» (Қарағанды қ.), «Қарлығаш» (Қостанай қ.) баспаларының, Баспа үйінің қатысуымен «Kostanay Book Fair» жәрмеңкесін өткізді. Кітап жәрмеңкесінде қолжетімді бағамен сатып алуға болатын түрлі тақырыпта шығарылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ең жақсы әдеби басылымдар ұсынылды. Кітап жәрмеңкесі Қостанай мен облыстың белгілі ақындарымен және жазушыларымен, әдеби және қоғам қайраткерлерімен болған кездесулермен сүйемелденді. 2023 жылы «Kostanay Book Fair» екінші кітап көрмесі-жәрмеңкесі өтті. Тоғыз баспагер қатысты – «Отбасы хрестоматиясы» (Алматы қ.), «SHUYYLA KITAR» (Шымкент қ.), «QYR BALASY», (Астана қ.), «ZIYAT кітап дүкені» (Алматы қ.), «Qasym Баспа үйі» (Қарағанды қ.), «Атамұра» және «Мектеп» баспасы (Алматы қ.),  «Баспа үйі» (Қостанай қ.), «Қарлығаш» (Қостанай қ.).

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Балалар жылы және «Оқитын ұлт» жобасы аясында 2022 жылы Қазақ әдебиеті апталығын өткізді. Апталық аясында Назарбаев зияткерлік мектебінде «Ахмет Байтұрсынұлы: ақын, ғалым, публицист» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы және Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «А.Байтұрсынұлы: Ел – бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» мәнерлеп оқу байқауы, «Кітап және қаламгер» кітап көрмесінің тұсаукесері, «Жыр тұлпары, сыр сұңқары – Сырағаң» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы, Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына арналған «Жыр әлемінің бәйтерегі» шығармашылық кеші, «Жырлайды жан жүрегім жақсылықты» тақырыбымен Қостанай қ. ақындарымен кездесу, балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармалардың Ы.Алтынсарин атындағы республикалық байқауының жеңімпазы Жылқыбай Мейіржанмен шығармашылық кездесу, «Өтелмеген парыз» спектаклі және пьеса авторы, жазушы Төлен Әбдікпен «Адалдық алаңындағы бәйтерек» атты шығармашылық кездесу, журналист, жазушы Ғанибет Ғалымбекұлымен «Көңілімнің шуағы» атты шығармашылық кездесу, Сейілбек Мырзабайдың «Балалықтан даналыққа» кітабының тұсаукесері және т.б. өтті. 2023 жылы «Қазақ әдебиеті апталығы» аясында іс-шаралар жалғасын тапты.

2023 жылы алғаш рет Кітапханашы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл мереке кітапханашылардың жанқиярлық еңбегіне көрсетілген құрмет және оның маңыздылығын мойындау болды. Салтанатты іс-шараға кітапхана ісінің ардагерлері, орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің, облыстық кітапханалардың, оқу орындарының басшылары мен кітапханашылары, облыстық мәдениет және өнер ұйымдарының басшылары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері шақырылды. Құрметті қонақтар ретінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұхаметқали Ринат Зәкіұлы, Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратов, жоғары оқу орындарының ректорлары, сондай-ақ әлеуметтік серіктестер мен демеушілер қатысты.

2021 жылы Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Оқырманы озық өлке» атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.

2020 жылы Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітапханалық үздік онлайн жоба» номинациясы бойынша «Рухани қазына – 2020» республикалық байқауының жеңімпазы болды,  2021 жылы «Облыстық маңызы бар үздік мемлекеттік кітапхана» номинациясы бойынша осы байқаудың жеңімпазы атанды, 2022 жылы мекеме басшысы Дүйсебаева Дариға Төребайқызы «Облыстық маңызы бар үздік кітапхана қызметкері» номинациясында жеңіске жетті, ал 2023 жылы Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімнің библиографы Анастасия Владимировна Степанова «Айрықша қажеттілігі бар адамдарға арналған кітапхананың үздік қызметкері» номинациясында жеңіске жетті.

 Жыл сайын кітапханаға 25 000-нан астам оқырман жазылады, кітапханаға келу және оның іс-шараларына қатысу 270 000-нан астам адамды құрайды, кітап беру 500 000 данадан астам.


Байланыс ақпарат

«Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ

Басшы Безаубекова Сания Сериковна

Мекенжайы: Қостанай қ., Алтынсарин көш., 111 үй.

Телефон: 8(7142)500-354

Ресми сайт: http://www.kstounb.kz/

Е-mail: dir_ounbkost1@mail.kz

Әлеуметтік желілер:

Фейсбук https://www.facebook.com/profile.php?id=100001830292859 

Инстаграмм https://www.instagram.com/kostounb/

Одноклассники https://www.ok.ru/profile/576952375220    

Дата публикации
04 января 2020
Дата обновления
26 сентября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы