Бүгінгі күні Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы — балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін бас кітапхана. Бұл тек қана оқу орталығы ғана емес, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың шығармашылықпен айналысатын және өзін өзі дамытатын алаң.
А.Гайдар атындағы облыстық балалар кітапханасы (құрылған жылы 1958) мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханаларының (құрылған жылы 1978) бірігуі негізінде 1992 жылы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы құрылды.
Кітапхана қала орталығында, ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы сәулет ескерткіші (көпес Вороновтың үйі) болып табылатын ғимаратта Қостанай қ., Қасымқанов көш., 74 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
2010 жылы кітапхана ғимараты күрделі жөндеудің нәтижесінен сәулет ескерткіші ретінде тарихи өңін жоғалтпай, үлкен өзгеріске ұшырады. Кітапхананың алдыңғы жағы ғана емес, ішкі бөлігі де жаңарып, аумағы біршама артты. Бұл бүгінгі таңда екі ғимаратты біріктірген, тұтас кітапханалық кешен. Кітапхана қолда бар қорды пайдалана отырып, оқу, кітап арқылы баланың даму ортасын құрады. Өскелең ұрпақ бойында адамгершілік-патриоттық қасиетті қалыптастыратын, сапалы әдебиеттерді жылжытумен айналысады. Балалардың білім алу, коммуникативтік қажеттіліктерінің қамтылуы, қалыптасуы және мәдени дамуы үшін оңтайлы жағдай ұсынады.
Кітапхана Қазақстан мен Ресейдің кітапханаларымен жемісті қызмет етеді. №1 балалар музыкалық мектебімен; Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталығының мүгедек балалармен жұмыс бөлімімен; Қостанай қ. білім бөлімінің №15 балабақшасымен және қаланың басқа да оқу орындарымен және ұйымдарымен тығыз байланыс орнатты.
Кітапхана Қазақстан мен Ресей кітапханаларымен жемісті қызмет етуде. № 1 Балалар музыка мектебімен; мүгедек балалармен жұмыс жөніндегі бөліммен, Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен; Қостанай қаласы білім бөлімінің № 15 бөбекжаймен, мектептермен және басқа да оқу орындарымен және қала ұйымдарымен тығыз байланыс орнатылған.
Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қоры 157 мыңнан астам дананы қамтып отыр. Кітапхана жыл сайын 140 мерзімді басылымдарға жазылып, үнемі жаңа кітаптар алып отырады.
2000 жылдан бастап шығарылып келе жатқан «ЕЖИК» атты балалар шығармашылығының журналы кітапхананың басты шығармашылық өнімі болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдерге арнап жазатын қазақстандық авторлардың шығармашылығын танытудың негізгі идеясы болған, Облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы кітапхананың негізгі ірі іс-шарасы болып табылады.
2021 жылдан бастап Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Үздік әдеби шығарма республикалық байқауы өтуде. Шығармалары қазіргі өмірдің өзекті шындығын және психологиялық, адамгершілік, әлеуметтік мәселелердің оң шешімін көрсететін авторларды іздеу және насихаттау мақсатында республикалық байқауға бастама жасалды.
Кітапхананың басым бағыты өскелең ұрпақтың патриоттық рухын қалыптастыруға, туған өлкеге, мәдени – тарихи мұраға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге бағытталған. Кітапханада мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған «Біз бір өлкенің балаларымыз» іс-шаралар топтамасы, «Қостанай хроникасы», «Қазақстанның әдеби әлемі», «Алтынсарин кездесулері» іс-шаралар топтамалары іске асырылуда.
Кітапхана сайты allib.kz:, өлкетану мәліметтерімен толықтырылып отырады. 2016 жылы «Ыбырай Алтынсарин» порталы құрылды, 2019 жылы «Қостанай облысы: өлкетану коды» желілік өлкетану жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кітапхана жұмыстары әлеуметтік желілерде көрсетілген: алда өткізілетін және өткізілген іс-шаралар туралы, жаңа кітап түсімдері туралы және т.б.
Кітап пен оқуды ілгерілету — кітапхана жұмысындағы басты бағыт. Кітапханада қазақстандық авторлармен онлайн кездесулер өтіп тұрады: А. Амраева, З. Есенаман, Т. Шипулина, М. Жылқыбай, Е. Клепикова, З. Телеуова, Л. Калаус, К. Земскова.
Жыл сайын Балалар кітабы апталығы және Халықаралық балалар кітабы күні өтеді.2020 жылдан бастап кітапхана «10шы аймақ ОҚИДЫ» облыстық акциясын өткізуге бастамашылық жасайды. Сабақтан тыс уақытта балалардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған «Библиоұзартылым», «English Club» алаңдары, «Жас журналист» үйірмесі, «Оригами сабақтары+» шығармашылық үйірмелері, «Библиотерапия» мүгедек балаларға арналған көркем оқу элементтері бар шығармашылық шеберханасы, сондай-ақ «Палитра» сурет салу сабақтары жұмыс істейді. Кітапханада барлық үйірмелер, клубтар, бірлестіктер балалармен бірлескен шығармашылыққа бағытталған.
Кітапхана БАҚ өкілдерімен белсенді серіктестікте, кітапхананың іс-шаралары мен жобалары баспасөздерде көрініс табады.
Кітапхана жыл сайын 9 мың оқырмандарға қызмет көрсетеді, ал кітап беру саны 201600 дана әдебиетті құрайды.
Мекенжайы: Қостанай қ., Қасымқанов көш., 74
Басшы Теплякова Надежда Минеевна
Телефон: 8 (7142) 54-11-61
Қабылдау бөлмесі: 8 (7142) 54-27-44
Сайт: https://allib.kz
email: info@allib.kz
Әлеуметтік желілер:
Facebook – https://www.facebook.com/profile.php?id=100008483641812
Instagram – https://www.instagram.com/odub.im.altynsarina/