Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық қуыршақтар театры» КМҚК басшысы қызметінің бос орнына орналасу конкурсы туралы хабарландыру

«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық қуыршақтар театры»  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысы қызметінің бос  орнына орналасу конкурсын хабарлайды. Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 251431 теңгеден 304964 теңгеге дейін.

Кәсіпорын мекенжайы: 110000, Қостанай облысы, Қостанай қ., Перронная көш., 20, тел. 8(7142) 53-64-03.

Кәсіпорынның негізгі қызметі: спектакльдер дайындау және шығару, көрермендерге оларды стационарда да, көшпелі алаңдарда да жалға беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және /немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және / немесе бизнес, басқару және құқық;

мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» жарлығына сәйкес шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі: конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу күні бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарланған күннен бастап 15 күн өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды)» № 075/у нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: 110000, Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 60, анықтама үшін телефон: 8 (7142) 54-66-63, электрондық пошта: kultura@kostanay.gov.kz.

Конкурс өтетін орны: «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ (Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 60)

 

Дата публикации
13 июня 2024
Дата обновления
13 июня 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы