Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы» КМҚК басшысының бос лауазымына орналасу конкурсы туралы хабарландыру

«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды: Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы» КМҚК басшысы. Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 251431 теңгеден 304964 теңгеге дейін.

Кәсіпорынның мекенжайы: 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы, 56, тел.8(7142) 90-23-65.

Кәсіпорынның негізгі қызметі: музыкалық-эстетикалық тәрбие, жоғары көркемдік шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлер құру үшін жағдай жасау, кәсіби көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және / немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және / немесе бизнес, басқару және құқық;

жұмыс өтілі: мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 «Шетелде кадрлар даярлау бойынша республикалық комиссия туралы» Жарлығына сәйкес шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі: конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттарды қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/у нысаны бойынша анықтама. 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекенжайға ұсыну керек: 110000, Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 60, анықтама үшін телефон:                 8 (7142) 54-66-63, электрондық пошта: kultura@kostanay.gov.kz.

Конкурстың өтетін орны: «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ (Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 60)

Дата публикации
05 апреля 2024
Дата обновления
05 апреля 2024
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы