Меню

Страницы

Статья

Байсары батыр Самыратұлының жерленген жері

Нысан мерзімі: XIX  ғасыр.

Нысанның орналасқан жері: Қамысты ауданы, Орқаш ауылы.

Байсары Самыратұлы - Кіші жүздің жағалбайлы руынан шыққан ержүрек Ман-Ата батырдың ұрпағы. Кенесары Қасымовтың жетекшілігімен халық-азаттық көтеріліске қатысушылардың бірі. Жазалаушы жасақтардың қудалауынан құтыла отырып, Байсары батыр өзінің руымен қазіргі Қостанай облысының аумағына қоныс аударды. Таудың шыңына бақылау үшін қарауыл мұнарасы орнатылды. Байсары батыр қарауылдың жасақтарын басқарды.  Бұдан әрі бұл жер жіті қарайтындардың төбесі - Жітіқара деп атала бастады.    

Жағалбайлыларға бұл жаққа көшіп келгеннен кейін де тыным болмайды, Байсары батырға оның жауынгерлерімен Қарасу даласына (қазіргі Қамысты ауданының Орқаш ауылы) көшуге тура келді, ол осы жерде өмірдің соңғы жылдарын өткізді. Осы Орқаш ауылының қасында Байсары батыр, оның ұлы Есқожа Байсарыұлы, немересі Балғабай Есқожаұлы жерленген.  2018 жылы ұрпақтардың бастамасымен мәрмәр тақталары мен қоршаулар орнатылды.

Дата публикации
10 июля 2020
Дата обновления
10 июля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы