Меню

Страницы

Статья

Тарихи-мәдени мұра

Мәдениет саласының маңызды басты міндеттерінің бірі Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын және отандық мәдениетін халықтың тарихи тағдырының куәгері, оның дамуының негізі, адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде дәріптеу болып табылады.

Бүгінгі таңда Қостанай облысының аумағында 1327 тарих және мәдениет  ескерткіші  орналасқан, оның   ішінде 5 республикалық маңызы бар ескерткіш   (екі мәрте Кеңес Одағының батыры Л.И.Беданың мүсіні, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры И.Ф.Павловтың мүсіні, Ы.Алтынсариннің ескерткіші, Екідің  I және  II ғұрыптық құрылыстары) және 1322  жергілікті маңызы бар  тарих және мәдениет ескерткіші (оның ішінде 1240 археология, 37 қала құрылысы және сәулет ескерткіші, 4 киелі объект және 41  монументтік  өнер құрылысы).

Өңірдің сакралды картасына облыстың 39 сакралды нысаны (жалпыұлттық маңызы бар - 10, өңірлік  маңызы бар - 29) кірді.

Қостанай облысының музейлерін өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, жас ұрпақтың жасампаз өмірлік ұстанымдары мен этникалық сана-сезімдерін қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыстар біріктіреді.

Қостанай облысының мұражай желісіне 9 мемлекеттік музей кіреді,солардың  3-уі мемориалдық музей болып табылады (Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музей, А. Иманов атындағы Амангелді мемориалдық музей, Шақшақ Жәнібек, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовтың мемориалдық музейлерін біріктіретін Торғай музейлер Жангелдин кешені).

Дата публикации
27 января 2023
Дата обновления
08 января 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға
Ақпарат
07 апреля 2025
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті орналастыру туралы хабарлау "Ашық бюджеттер" порталында 2024 жылға

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы