- Жалпы ережелер
- Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет – «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны - 3;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 0;
- тагін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 3;
- қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 2, электрондық – 1;
- бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны – 3.
- Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат - барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметке «Мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру» жатады.
- Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
- Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер - «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ-нің интернет-ресурсы және ақпараттық стенды, электрондық үкімет порталы.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) – 2020 жылы 7 ақпараттық түсіндіру іс-шарасы өткізілді, халықтың қамтылуы – 1112 адам. Мемлекеттік қызметтерді алудың тәсілдері туралы бейнероликтер жасалды, баспа және электрондық БАҚ-та, «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ-нің ресми интернет-ресурстарында, ведомстволық бағыныстағы мекемелердің әлеуметтік желілерінің аккаунттарында жарияланымдар, буклеттер шығарылды, инфографика әзірленді, сондай-ақ әлеуметтік желіде тікелей эфирде сөз сөйлеу.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері – мәдениет басқармасы Мәдениет және спорт министрлігіне «Мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін толықтай автоматтандыру жөнінде ұсыныс енгізді.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар – мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарға арналған құқықтық жалпы оқыту өткізілді.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру - мәдениет басқармасы Мәдениет және спорт министрлігіне «Мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету ережелеріне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс енгізілді (мерізмерге қатысты).
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат – 2020 жылы шағымдар келіп түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері – келіп түскен өтініштер саны – 18; мемлекеттік органда көрсетілген қызметтер саны– 4 (жеке тұлғалар – 1, заңды тұлғалар – 3), дәлелді бас тартулар – 2; «электрондық лицензиялау» порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 3 (жеке тұлғалар – 1, заңды тұлғалар – 2), дәлелді бас тартулар – 1; барлық мемлекеттік қызметтер мезгілінде көрсетілді, шағымдар мен бұзушылықтар жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
- Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру – ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыру, Мәдениет және спорт министрлігіне «Мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін толық автоматтандыру бойынша ұсыныстарды бастамашылық ету, мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарға арналған құқықтық жалпы оқыту өткізу.