Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын орындау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Тіл саясатының негізгі бағыттарының бірі азаматтарды мемлекеттік тілге оқыту болып табылады.
Бүгінгі таңда Қостанай облысында ересек тұрғындарға арналған 20 тіл үйрету орталығы жұмыс істейді-1 облыстық, 3 қалалық және 16 аудандық орталықтар. Орталықтар заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған, тілдерді үйренуге барлық жағдай жасалған.
2025 жылы мемлекеттік тілді оқытумен 6668 адам (2021 ж. – 6760, 2022 ж. – 7130,2023 ж-6590, 2024 ж-6759 адам), ағылшын тілін оқытумен 1671 адам (2021 ж. – 1986, 2022 ж. -1878,2023ж -1847 , 2024ж.-1804), ана тілін оқытумен -162 адам (2021 ж. – 181, 2022 ж. -138,2023 ж-88, 2024ж.-107)қамтылды.
Аудандық және қалалық орталықтардан басқа мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту