Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.
QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.
Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.
Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.
Республика күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны таныстырылды
Республика күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» жобасының әнұраны мен бейнебаяны жарық көрді. Туынды кітап оқу мәдениетін дәріптеп, білімнің қоғам дамуындағы маңызын насихаттауға бағытталған. Қазақ және орыс тілдерінде жазылған ән мәтінінде ұрпақтар сабақтастығы, білімге ұмтылу мен ел бірлігі кеңінен көрініс тапқан. Кітап тың идеялардың қайнар көзі әрі ұрпақтарды жалғайтын рухани құндылық ретінде сипатталады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Әннің сөзі мен музыкасын «Кітап оқитын ұлт» жобасының Астана қаласындағы кеңсе жетекшісі Жақсыбай Боранбаев жазған. Бейнебаян Астана қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының мұғалімі Қамбар Рахметовпен бірлесіп әзірленді. Ән мен бейнебаянды дайындау барысында жасанды интеллект технологиялары қолданылды.
Әнұран мен бейнебаян цифрлық форматта көпшілікке ұсынылды. Жоба халық арасында кітап оқуды кеңінен насихаттап, күнделікті кітап оқу дағдысын қалыптастыруды көздейді.
Елдегі барлық көппәтерлі тұрғын үйлер бір бірыңғай тізілімге енгізіледі. Онда үйдің мекенжайы, қабат саны, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың саны, үйдің техникалық жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау мақсатында, сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында және күрделі жөндеу мен техникалық тексеру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлау үшін жүргізіледі.
Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 2-бабында белгіленген көппәтерлі тұрғын үй анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды. Яғни, бұл — кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайдан тұратын жеке тұрған ғимарат. Үйлердің қабат санына, меншік иелерінің санына, тіркелген кондоминиум объектісінің болуына және басқару нысанының таңдалуына қарамастан, барлығы есепке алынады. Оның ішінде ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлер, сондай-ақ басқару нысаны әлі анықталмаған үйлер де қамтылады.
Әр үйдің тізілімде бірыңғай кілті — мекенжайдың тіркеу коды (МТК) болады. Осы код арқылы үйге басқа ақпарат көздеріндегі мәліметтер тіркеледі: ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштері, үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифтілердің жай-күйі туралы мәліметтер, инженерлік желілерге қосылуы және есепке алу аспаптары жөніндегі ақпарат.
Мәліметтерді беру тәртібі тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларында белгіленген. Аталған қағидаларда деректерді беруге міндетті ұйымдардың тізбесі де айқындалған. Оларға жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүлік иелерінің бірлестіктері, мүлік иелерінің кооперативтері және басқарудың өзге де субъектілері жатады.
Түгендеу барысында меншік иелерінің дербес деректері — тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі, құқық белгілейтін құжаттар және берешек туралы мәліметтер жиналмайды.
Тізілім не береді? Күрделі жөндеу және лифтілерді ауыстыру қажет үйлердің нақты тізімін жасауға, үйлердің есепке алу аспаптарымен нақты жабдықталу деңгейін анықтауға, сондай-ақ өңірлердің инженерлік желілерді жаңғыртуға деген қажеттілігін орташа есептелген көрсеткіштерге емес, нақты деректерге сүйене отырып есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар коммуналдық төлемдер бойынша түбіртектердегі есептеулердің дұрыстығын арттырып, КСК, ОСИ және басқарушы компаниялар тарапынан жұмысты ұйымдастыру мен атқарушылық құжаттаманы жүргізу тәртібін жақсартуға мүмкіндік береді.
Мәліметтерді жинауды облыстардың әкімдіктері аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй инспекциялары арқылы ұйымдастырады. Хабарламалар мен жұмыс нысандары мүлік иелерінің бірлестіктеріне, тікелей бірлесіп басқару нысанындағы үйлердің өкілдеріне, басқару субъектілеріне және коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге жолданады.
Заң бәсекелестіктің артықшылығына айналуы тиіс: Бас прокуратура Инвесторларды қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын бастады
Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың бұйрығымен құрылған Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Аталған іс-шара мемлекеттік органдарды, отандық және шетелдік ірі бизнесті, еліміздің жетекші заңгерлері мен экономистерін біріктірген тұрақты жұмыс істейтін беделді диалог алаңының іске қосылғанын білдіреді.
Кеңес жұмысына Бас Прокурордың бірінші орынбасары Жандос Өмірәлиев, Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы, мемлекеттік органдардың, «Астана» халықаралық қаржы орталығының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-ның, бизнес пен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Отырысты ашқан Берік Асылов қатысушыларды Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуімен құттықтап, онда айқындалған «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарының бүкіл мемлекеттік жүйенің басты бағдарына айналғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын (2025 жылғы 17 желтоқсандағы Жарлық) іске асыру аясында Инвестициялық омбудсменнің өкілеттіктері берілген Бас Прокурор қатысушыларға бизнесті қорғаудың кешенді жүйесін таныстырды.
Мұнда прокурорлар инвесторлар заңмен және мемлекетпен өзара іс-қимыл жасайтын барлық кезеңде қадағалауды қамтамасыз етеді.
«Бүгінде мемлекеттер арасындағы бәсекелестік ресурстар үшін емес, сенім үшін жүріп жатыр. Біз заңды Қазақстанның бәсекелестік артықшылығына айналдыруға міндеттіміз. Ол үшін үстірт өзгерістер емес, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара қарым-қатынасты жүйелі түрде жетілдіру қажет», – деді Берік Асылов.
Қазіргі уақытта прокуратураның сүйемелдеуімен жалпы инвестиция көлемі 112 триллион теңгені құрайтын 3,3 мың инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күні үш мыңнан астам инвестордың құқықтары қорғалып, 30 мың жаңа жұмыс орнын құруды көздейтін 270-тен астам инвестициялық жобаның іске асырылуы қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар әкімшілік қысымды жүйелі түрде төмендету жұмыстары жүргізілуде.
Кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы сот дауларының саны шамамен 40%-ға қысқарды, бизнесті әкімшілік жауаптылыққа тарту жағдайлары 16%-ға азайды, сондай-ақ кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауды төмендету үрдісі сақталуда. Тек жыл басынан бері прокуратура инвесторлардың құқықтарын бұзуы мүмкін мемлекеттік органдардың 800-ден астам шешімін келісуден бас тартты.
Бас Прокурор бизнесті қорғаудың мемлекеттік кепілдіктерін едәуір күшейткен заңнамалық өзгерістерге ерекше тоқталды.
Енді инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша прокурорлық қадағалау актілері, оның ішінде нұсқама нысанындағы актілер мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар үшін міндетті болып табылады. Бұдан бөлек, Бас Прокурорға еліміздің барлық өңірінде инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеудің бірыңғай тәртібін айқындау өкілеттігі берілді.
Бұл «өңірлік әркелкілікті» болдырмай, Қазақстанның кез келген өңірінде инвесторлардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай әрі қатаң стандарттарын қамтамасыз етеді.
Кеңес отырысында әкімшілік кедергілердің дәстүрлі түрде бастамашылдықты тежейтін құрылыс саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған шешімдер әзірленді.
Мемлекеттік мекемелерде және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталуы туралы Анонс
Құрметті азаматтар!
2026 жылғы 4 мамырдан 8 мамырға дейін барлық мемлекеттік мекемелерде, қала, кент әкімдерінің аппараттарында және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні туралы хабарлаймыз:
"Октябрь кенті әкімінің аппараты" ММ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады, оны жұртшылық өкілдері мен сарапшыларды тарта отырып, ұйымдардың өздері тікелей жүргізеді.
Егер сізде аталған ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай да бір ұсыныстарыңыз, сондай-ақ осы ұйымдарда сіз білетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәліметтеріңіз болса, оларды электрондық мекенжайға жібере аласыз: okt_akimat@mail.kz.
🔹«Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram-бот арқылы үздіксіз қабылдануда
Қазақстанда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында TazaQazBot Telegram чат-боты өз жұмысын жалғастыруда. Бұл — тұрғындарға экология және абаттандыру саласындағы мәселелер туралы тікелей хабарлауға мүмкіндік беретін ыңғайлы цифрлық сервис.
✅ Аталған сервис 2024 жылдың маусым айында іске қосылып, бүгінде мемлекеттік органдармен байланыс орнатудың тиімді әрі кеңінен қолданылатын арнасына айналды. Өтінім жолдау үшін Telegram қосымшасында чат-ботқа кіріп, авторизациядан өтіп, мәселенің фотосын тіркеп, нақты мекенжайын көрсетіп, қысқаша сипаттама қалдыру жеткілікті. Өтінім автоматты түрде тиісті органдарға жолданып, артық қоңыраулар мен қосымша жүгінулерді қажет етпейді.
🔺Платформаның басты артықшылықтарының бірі — ашықтық. Пайдаланушы әрбір өтінімнің орындалу мәртебесін бақылап отыра алады. Жұмыс аяқталғаннан кейін фотоесеп ұсынылып, көрсетілген қызметтің сапасын бағалау мүмкіндігі беріледі.
🌐 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
Елімізде курортты өңірлерді дамытудың 2026-2029 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді
Туризм және спорт министрлігі 2026-2029 жылдарға арналған курортты өңірлерді дамытудың Жол картасын іске асырып жатыр. Құжат еліміз бойынша заманауи әрі қауіпсіз туристік кеңістіктер қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Алматы облысы, Жетісу және Абай өңірлерін қоса алғанда, курортты өңірлерге жүргізілген инспекциялық сапар барысында жағажай аумақтарының қазіргі жай-күйіне бағалау жасалды. Нәтижесінде бірқатар өңірде абаттандыру жұмыстары қолға алынып, кейбір өңірде курорттарды заманауи стандарттарға сәйкестендіру үшін қосымша қолдау қажет екені анықталды.
Жол картасы 114 іс-шараны қамтиды. Оны іске асыру жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
Жол картасы аясында курортты өңірлердің көлік қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданады. Жазғы маусымда туристік бағыттар бойынша теміржол рейстерінің саны көбейтіліп, қосымша пойыздар іске қосылады және вагондар саны арттырылады. Сонымен қатар туристік өңірлерге, оның ішінде субсидияланатын бағыттар бойынша ішкі әуе рейстерінің географиясы кеңейтіледі. Бұл туристердің қозғалысын жеңілдетіп, курорттық аймақтардың халық үшін қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жол картасын іске асыру курортты өңірлердің жүйелі дамуын қамтамасыз етіп, туристік инфрақұрылым сапасын арттыруға және Қазақстанда ішкі әрі келу туризмін одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ
⚜️ 1991 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңдегі демографиялық деректерді талдау халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайында түбегейлі өзгерістер болғанын көрсетеді. Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы ( КӨҰ) 75,97 жасқа жетіп, тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы абсолютті рекордты құрады.
📌 Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, 1991 жылы, КӨҰ орташа көрсеткіші 67,6 жасты (2001 жыл – 65,6, 2011 жыл – 68,98, 2021 жыл – 70,23) құрады. Осылайша, үш жарым онжылдық ішінде ел азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артты.
🙌 Өмір сүру ұзақтығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – инфекциялық емес аурулармен (ИЕА) күрес бойынша іске асырылып жатқан шаралар. 2025 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендеткен елдердің алғашқы ондығына енді. Бұл көрсеткіш ДДҰ-ның Еуропалық жұмыс бағдарламасының нысаналы индикаторы болып табылады.
⭐️ Оң динамика денсаулық сақтау жүйесін дамыту, халықтың өмір сапасын жақсарту және өлімді төмендету бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін айғақтайды.
Қазақстан Үкіметі 2029 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде елдегі күтілетін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу жөнінде өршіл мақсат қойып отыр.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm
📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz
📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
2026 жылғы 10 наурызда Октябрь кенті әкімі Е.Т. Бектанов халықпен кездесуі өтті. Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:
1) абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы;
2) су тасқынына қарсы шаралар;
3) "Таза Қазақстан" экологиялық бағдарламасының 2025 жылғы қорытындылары.
Кездесу шеңберінде тұрғындарға осы бағыттарда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат жеткізілді, абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптары, сондай-ақ су тасқыны жағдайының алдын алу үшін қабылданып жатқан шаралар түсіндірілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, елді мекенді одан әрі дамыту және абаттандыру жөнінде ұсыныстар айтты.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздің қай референдум учаскесінде тіркелгендігіңізді және оның нөмірі мен орналасқан жерін https://sailau.ikostanay.kz/ сайтынан, @sailau_kostanay_bot телеграм-каналынан көруіңізге болады. Ол үшін Сізге көрсетілген жолға ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізу қажет.
Жоғарыда аталған платформалардан өз деректеріңіз жөнінде ақпарат таба алмаған жағдайда тұрғылықты жерлеріңіз бойынша жергілікті әкімдіктердің CALL-орталықтарына хабарласу қажет.
Бірыңғай Call-орталық 1315 телефоны.
|
Аудан/қала атауы: |
Байланыс орталығының телефон нөмірі: |
Орналасқан жері (көше, үй): |
|---|---|---|
|
Қостанай қ. |
8(7142)575766, 8(7142)575710 |
ул.Пушкина, 98 |
|
Арқалық қ. |
109, 8(71430)71474 |
пр. Абая, 29 |
|
Рудный қ. |
8(71431)41277 |
ул. Ленина, 95 |
|
Лисаков қ. |
8(71433)33890, 8(71433)38411 |
ул.Мира, 31 |
|
Алтынсарин ауданы |
8(71445)34248 |
Обаған а., Ленин к-і, 4 |
|
Амангелді ауданы |
8(71440)21744 |
с. Амангельды, ул. Майлина, 14 |
|
Әулиекөл ауданы |
8(71453)22237 |
Костанайская область, с. Аулиеколь, ул. 1 Мая, 44 |
|
Денисов ауданы |
8(71434)2-12-59 |
к.Калинина 5 |
|
Жангелдин ауданы |
8(71439)21404 |
с.Торгай, ул.Ы.Алтынсарина 4–9 |
|
Жітіқара ауданы |
8(71435)20056, 8(71435)22051 |
г. Житикара, 6 мкр. 65 д. |
|
Қамысты ауданы |
8(71437)21842 |
с. Камысты, ул. Ержанова 61 |
|
Карабалык ауданы |
8(71447)32529 |
ул. Косманавтов 31 |
|
Қарасу ауданы |
8(71452)21366 |
ул. Исакова А 73 |
|
Қостанай ауданы |
8(7142)22546 |
ул. Тауелсиздик, 65 |
|
Меңдіқара ауданы |
8(71443)24558 |
ул. Королева, 5 |
|
Науырзым ауданы |
8(71454)21544, 8(71454)21579 |
с.Караменды ул.Шакшак жанибека 1 |
|
Бейімбет Майлин ауданы |
8(71435)37100 |
с. Әйет, ул. Тәуелсіздік 60 |
|
Сарыкөл ауданы |
8(71451)22532 |
п. Сарыколь, ул. Тәуелсіздік, 72 |
|
Ұзынкөл ауданы |
8(71444)24201 |
Ұзынкөл а., Ғ. Мүсрепов к-і, 14 |
|
Федоров ауданы |
8(71442)21443 |
с.Федоровка, ул. ЖАСТАР, 53 |