Мемлекет басшысы өз Жолдауында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасаудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінде бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылуда. Мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралардың бірі мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлттық Жоспар шеңберінде іске асырылатын әлеуметтік қызметтер порталын енгізу болып табылады.
Әлеуметтік қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.
Біздің қаламызда 1060 мүгедек тұрады, олардың 500-ге жуығы жеке оңалту бағдарламаларына ие және сәйкесінше осы мүгедектерге әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралын таңдау құқығы беріледі.
Портал мүгедек адамдарға ыңғайлы болу және ұсынылатын қызметтер мен оңалтудың техникалық құралдарының сапасын арттыру үшін енгізілуде.
Портал 6 процестің 5-ін цифрлауды көздейді (инватакси қызметтерінен басқа), бұл:
1) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
2) оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;
3) ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету;
4) жеке көмекшінің қызметін көрсету;
5) санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін көрсету.
Үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы оңалту тауарлары мен қызметтері баламалы негізде – портал және Мемлекеттік сатып алу арқылы көрсетілетін болады. Порталға толық өту-2021 жылдан бастап.
Мемлекет жыл сайын ТСҚ әрбір түрі бойынша республика деңгейінде арнайы құрылған комиссия бекітетін белгіленген кепілдік берілген сома шегінде техникалық оңалту құралдары мен әлеуметтік қызметтердің құнын өтейді.
Құны мемлекет кепілдік берген сомадан асатын ТСҚ немесе көрсетілетін қызметті таңдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы айырманы өз қаражатынан қосымша төлейді.
Көрсетілетін қызметті алушылар порталды өз бетінше немесе «Азаматтарға арналған үкімет» МК жұмыспен қамту бөлімі қызметкерлерінің және мамандарының көмегімен пайдалана алады»
Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедек адамдардың өнім берушілермен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын бірыңғай цифрлық алаңға айналады.
Өз кезегінде, соңғысының нарықта тең мүмкіндіктері болады, бұл бәсекелестікті арттырады. Бұл ретте, мүгедектігі бар адамдар өздерінің жеке қажеттіліктеріне қарай оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдай алады. Порталмен жұмыс істеу үшін мүгедек адамдардың не олардың заңды өкілдерінің электрондық - цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.