Үй жануарларын чиптеу, нәтижелер.

17 қарашада «Октябрь кенті әкімінің аппараты» ММ және Лисаков қаласының ветеринария бөлімінің қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарына (зейнеткерлер, 1 және 2 топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар) үй жануарларын чиптеу жұмыстарын жүргізді.
Егер сіз халықтың әлеуметтік осал топтарына жатсаңыз және үй жануарларын тегін чиптегіңіз келсе, 2023 жылдың 25 қарашасына дейін 87143351721 нөмірі бойынша өтініш бере аласыз.

Дата публикации
20 ноября 2023