Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдері туралы

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Лисаков қалалық аумақтық инспекциясы» ММ хабарлайды «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығына сәйкес:

- мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш жолдайды;

- өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беру үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай берілген өндіріс объектісінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды болуы қажет.

Толығырақ ақпарат  «ҚР АШМ ВБжҚК Лисаков ҚАИ» ММ, Лисаков қ., 3 шағын ауданы, 6 үй, 1 т.е.б., телефон 35925.

Дата публикации
17 сентября 2021
Дата обновления
17 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
Мемлекеттік мекемелерде және ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды бастау туралы
23 октября 2026
Лисаков қаласының әкімдігінде 2026 жылғы 25 мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды.
Төтенше жағдай қызметі хабарлайды
23 октября 2026
№ 23 ҚҚ дауылды ескерту 2026 жылғы 23 қазаннан 2026 ж. 23 қазан 20 сағ. 2026 ж. 24 қазан 20 сағ. аралығы.

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы