12 сәуірде түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Қостанай қ: 12 сәуірде түнде және таңертең кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.