Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, стратегиялық экологиялық бағалауды (СЭБ) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне келесі құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) ұсынылды:
- Құжат жобасы, оның негізгі бағыттары мен іске асыру мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын – «Қостанай облысы Лисаковск қаласының Октябрьский кентінің топографиялық түсіріліммен бірге даму және құрылыс сызбаларын әзірлеу» жобасы бойынша Жалпы түсіндірме жазбасы;
- Құжатты іске асыру жоспарланған аумақ сипаттамасы – «Қостанай облысы Лисаковск қаласының Октябрьский кентінің топографиялық түсіріліммен бірге даму және құрылыс сызбаларын әзірлеу» жобасы бойынша Жалпы түсіндірме жазбасы және осы жоба бойынша скрининг есебі;
- Құжатты іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адам өмірі мен (немесе) денсаулығына әсер етуінің жалпы сипаттамасы – «Қостанай облысы Лисаковск қаласының Октябрьский кентінің топографиялық түсіріліммен бірге даму және құрылыс сызбаларын әзірлеу» жобасы бойынша скрининг есебі.
СЭБ материалдарының әзірлеушісі: «Колдау» ЖШС
СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: Лисаковск қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ
СЭБ әзірлеуге жауапты орган: Лисаковск қаласының әкімдігі
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беретін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қоғамдастықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі сұрақтар бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
- Жобаларды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе, егер иә болса, қандай әсерлер және неліктен оларды елеулі деп санайсыз?
- Жобаны бекітпес бұрын қоршаған орта мен халық денсаулығына қандай әсерлерді зерттеу қажет деп санайсыз және неге?
- Сіздің ойыңызша, СЭБ жүргізу қажет пе? Қандай ақпарат сіз үшін маңызды және неге?
- Жобаларды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсерлеріне байланысты басқа да ескертулер мен ұсыныстарыңыз бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2035 жыл
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: с 21.07.25 по 04.08.25
Байланыс мәліметтері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8 Экологиялық саясат департаменті Тел.: 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83 E-mail: n.kunanbaeva@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz
Жазбаша ескертулер мен ұсыныстарды келесі тәсілдермен жолдауға болады:
- Электронды түрде Экология министрлігінің кеңсесінің эл. поштасына: kense@ecogeo.gov.kz (құжаттар кеңсе тарапынан алынғанын міндетті түрде мына телефон арқылы нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44);
- Электрондық пошта арқылы: n.kunanbaeva@ecogeo.gov.kz ; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;
- WhatsApp нөміріне: 8 701-847-2853
СЭБ материалдары орналастырылған:
- Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
- Лисаковск қаласы әкімдігінің сайтында.