Хабарландыру Әсер ету скринингін қарау туралы

Хабарландыру

Әсер ету скринингін қарау туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қостанай облысы Лисаковск қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Құжаттың әсеріне скринингке бастама жасау үшін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне келесі құжаттарды жібереді:

1) Құжатты іске асырудың негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпарат қамтылған оның жобасы - «Қостанай облысы Лисаковск қаласының Октябрьский кентін дамыту және құрылыс салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» жобасына жалпы түсіндірме жазба;

2) Құжатты іске асыру жоспарланатын аумақтың сипаттамасы - «Қостанай облысы Лисаковск қаласының Октябрьский кентін дамыту және құрылыс салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» жобасының бас жоспары сызбасы;

3) Құжатты іске асыру кезінде қоршаған ортаға , адамның өміріне және (немесе) денсаулығына әлеуетті әсер етуінің жалпы сипаттамасы - «Қостанай облысы Лисаковск қаласының Октябрьский кентін дамыту және құрылыс салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» жобасының жоспарланған іс-шараларының қоршаған ортаға әсер ету скринингі.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: ТОО «Қолдау».

СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Қостанай облысы Лисаковск қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

СЭБ әзірлеуге жауапты: Лисаков қаласының әкімдігі.

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2026-2045 ж.ж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 19 қазаннан бастап 02 қарашаға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 02 қарашаны қоса алғанда).

Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

Экологиялық мәдениет және саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-02-83, 8 (7172) 74-13-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz,

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: k.kense@ecogeo.gov.kz.

Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет. 

СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);

- Лисаков қаласы әкімдігінің сайтында.

Хабарландыру Әсер ету скринингін қарау туралы
Дата публикации
15 октября 2026